Астролог мамырда кімдерді ақшалай сыйлық күтіп тұрғанын айтты

Астролог мамырда кімдерді ақшалай сыйлық күтіп тұрғанын айтты
Фото: ru.freepik.com

Астролог Тамара Глобо мамыр айында кімдердің жолы болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Woman.ru сайтына сілтеме жасап.

Тамара Глобоның айтуынша, мамыр - Арыстан және Балықтар белгісінде дүниеге келгендердің сәтті айы болмақ.

Арыстан

Жалғызбасты Арыстандар серігін кездестіруі мүмкін. Ал отбасысы бар бұл белгі өкілдері үшін қарым-қатынастағы проблемаларды шешуге жақсы мүмкіндік пайда болады.

Үйде түсіністік пен үйлесімділік орнайды. Арыстандар тек жеке өмірде емес, жұмыста да табысқа жетеді. Арыстандар мамырда сыйлықақы алуы мүмкін.

Балықтар

Балықтар мамырда белсенді болады: жұмыста, шығармашылықта және спортпен айналысуда. Мамырдың басында үлкен жеке табыс күтіп тұр. Жоғары лауазымды және сізді жақсы көретін адамдардан қолдау және мойындау аласыз.

Балықтарда ақша табудың жаңа мүмкіндіктері пайда болады. Сондай-ақ жақсы сыйлықтар алуыңыз мүмкін. Жалпы мамыр айы сіздер үшін қаржылық сұрақтарды шешуге жақсы уақыт болмақ. Қымбат нәрселер алудан немесе тәуекел етуден қорықпауға болады.

А. Жапатова