Магнийдің сіңуіне кедергі келтіретін 7 өнім

Егер соңғы кездері өзіңізді шаршаңқы әрі әлсіз сезініп жүрсеңіз, ал теріңіз құрғақ әрі күңгірт болып кетсе және асқорытумен проблемалар пайда болса, сіздің ағзаңызға магний жетіспеуі мүмкін. Магний – біздің ағза үшін маңызды элементтердің бірі. Қандай өнімдерде магний болады және ол жақсы сіңу үшін не істеу керек?

Магний қандай өнімдерде көп?

Бұл микроэлементті өсімдік өнімдерінен іздеген дұрыс. Дәнді-дақылдар, асжапырақ, аскөк, жаңғақтар, зығыр және асқабақ дәндері, өрік, брокколи, қара шоколадқа мән беріңіз. Сондай-ақ ол минералды суда болады.

Магнийдің сіңуіне мына өнімдер кедергі келтіруі мүмкін:

- шай;
- кофе;
- қарапайым тұз;
- ұн, макарон, бөлке;
- тазартылған май;
- кей саңырауқұлақтар;
- алкоголь.

Бұл өнімдерді өте көп жеу магнийдің ағзаға сіңуіне кедергі келтіруі мүмкін.