"Төбелесіп кетуі де мүмкін". Бір-бірін жек көретін жұлдыз белгілер

Өзіңіз бен жақындарыңызды жұлдыз белгісі бойынша үйлесімділікке тексеріп көрген шығарсыз?! Ал Marieclaire.ru порталы астрологтар көмегімен бір-бірімен сыйыспайтын жұлдыз белгілерін анықтады.

Тоқты мен Торпақ

Тоқтылар – белсенді, ынталы, ашушаң және спонтанды адамдар. Сондықтан олар бос отыра алмайды және оның серігінің ештеңе істемей отырғанын көтере алмайды. Оның жанында Торпақ отырса, қиын болады. Парасатты және сабырлы Торпақтар баяулай алу мүмкіндігін бағалайды және бос уақытын жалғыз өткізгенді жақсы көреді. Бұл Тоқтыларды ашуландырады. Бұл келіспеушілікті жеңуге болатын еді. Бірақ Тоқтылар жиі артық кетіп, шектен шығады. Ал Торпақтар өзін қатты құрметтейді, сондықтан олардың мұндай әрекетін кешірмейді. Сондықтан олар "мінездеріміз сәйкес келмейді" деп бөлек кетеді, ал проблеманы жеңсе, олар ең берік жұпқа айналады.

Тауешкі мен Балықтар

Тауешкілер барлық нәрседен логика іздейді және бос әңгімелерді жақсы көрмейді. Балықтар қиялшыл. Балықтар айналаны өзінше көреді және олар ерекше көзқарасқа ие. Сондықтан олар бір-бірін түсінбейді.

Суқұйғыш пен Егіздер

Бір қарағанда бұл екі жұлдыз белгісі бір-біріне ұқсайды. Бірақ Егіздер Суқұйғыштарды жақын таныған кезде келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Егіздер басқалармен араласпай өмір сүре алмайды: олар үшін достарының көп болуы маңызды және кештерге барғанды, өзіне зейін аудартқанды жақсы көреді. Ал Суқұйғыштар арасында жалғыз қалып, демалу маңызды. Суқұйғыштар Егіздерді сенімсіз және тұрақсыз деп қабылдайды.

Мерген мен Шаян

Шаяндар тұйық және дөрекі көрінуі мүмкін, алайда негізінде олар өте сезімтал. Олар серігіне жылдам бауыр басып қалады және бірден отбасы құруға шақыруы мүмкін. Ал Мергендер махаббатағы, шығармашылықтағы және мансаптағы еркіндікті жоғары бағалайды.

Таразы мен Мерген

Таразылар өз айналасына жайлы жағдай жасап алудың шебері. Олар ол үшін өз қажеттілігі мен айналасынан тепе-теңдік іздейді. Осы мінсіз әлемге бірбеткей Мерген кіріп келсе, Таразылар мұндай серіктен қашып кетуге тырысады. Мергендерге Таразылардың енжарлығы ұнамайды.