"Бұл апта Шаяндар үшін күдікке толы, ал Таразылар үшін қолайлы болмақ". Жұлдыз жорамал: 17.04.2023 - 23.04.2023

"Бұл апта Шаяндар үшін күдікке толы, ал Таразылар үшін қолайлы болмақ". Жұлдыз жорамал: 17.04.2023 - 23.04.2023

20 сәуір күні Күн Торпақ белгісіне кіреді. Сабырлы Торпақ сізге тұтылулардан жеңіл өтуге көмектеседі. Ол үшін ешқайда асықпаңыз және кез келген сұрақтарды шешуде икемділік танытыңыз.

Тоқты
20 наурыз - 19 сәуір

Осы аптада көптеген идеяларыңыз бен бастамаларыңыз бағаланып, жақсы табыс әкеледі. Алайда үйреншікті өмір салтыңыз бұзылуы мүмкін. Соңғы минутта жоспарларыңызды өзгертуге дайын болыңыз. Уайымдамаңыз, кез келген өзгерістер пайдалы болады. Жеке өмірде үйлесімділік орнайды.

Торпақ
20 сәуір - 20 мамыр

Көптеген Торпақтар үшін бұл өте түсініксіз кезең. Уақытты бос әңгімеге құртпауға тырысыңыз. Енді жұмыста шамадан тыс жүктеме алмаңыз, денсаулыққа аса мән беру керек. Егер біреу көмек сұраса, бас тартпаңыз, бірақ басқа адамдардың проблемаларын, ауыртпалықтарын өз мойныңызға алмаңыз. Демалыс күндерді жақын адамдармен өткізген дұрыс.

Егіздер
21 мамыр - 20 маусым

Өзіңізді кәсіби түрде ашуға мүмкіндік беретін маңызды кезең басталмақ. Күшіңізді ұсақ-түйекке жұмсамаңыз, әлеуметтік желіде көп уақыт өткізбеңіз. Отбасылық жанжалдар мен келіспеушіліктерден аулақ болыңыз. Жан тыныштығын тауып, күдіктенуді арылсаңыз, өзіңізді сенімді сезінесіз.

Шаян
21 маусым - 22 шілде

Апта күдікке толы болады, сондықтан эмоцияларыңыздың сізді басқаруына жол бермеңіз. Дүйсенбі іссапарлар мен саяхаттар үшін қолайлы. Жеке өмірде бәрі үйлесімді дамиды. Қаржылық жағдай да сізді алаңдатпайды.

Арыстан
23 шілде - 22 тамыз

Өміріңізде бәрі жақсы жүріп жатыр. Жақын адамдарыңыздың түсіністігі мен қолдауын сезіп жүрсіз. Жұмыс көп болады, бірақ жақсы пайда әкеледі. Дегенмен, демалыс пен жеке өмір туралы ұмытпаңыз.

Бикеш
23 тамыз - 22 қыркүйек

Дүйсенбіде басшылықтың назарын аударудан аулақ болған жөн, әйтпесе сізге ұнамайтын тапсырма берілуі мүмкін. Алайда сіз кез келген тапсырманы орындап шыға аласыз. Қаржылық жағдай нығая түседі.

Таразы
23 қыркүйек - 22 қазан

Бұл белгінің көптеген өкілдері үшін қолайлы кезең басталады. Жоспарларыңыз бен идеяларыңызды іске асыра аласыз. Сәттілік сіздің жағыңызда болады. Көпшілік Таразыларды мол табыс пен жаңалықтар күтуде. Ұзақ уақыт бойы ойланудың қажеті жоқ - әрекет ететін уақыт келді.

Сарышаян
23 қазан - 21 қараша

Жаман апта емес. Жұмыс көбейеді, бірақ жақсы қаржылық сыйақы алуыңыз мүмкін. Осы аптада болашаққа жоспарлар мен тапсырмаларды нақты ойластырған жөн. Жұма жеке істер мен романтикалық кездесулер үшін қолайлы.

Мерген
22 қараша - 21 желтоқсан

Мансаптық өсу туралы ойланатын кез келді. Сіз өзіңіздің дарыныңыз бен шығармашылық идеяларыңызды жақсы көрсете аласыз. Тек ұсақ-түйек нәрселерге алаңдамаңыз. Сіздің жобаларыңыз сұранысқа ие болады, бұл сізге одан да үлкен ынтамен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Тауешкі
22 желтоқсан - 20 қаңтар

Эмоционалдық арандатушылықтарға берілмеңіз, жағдай жақын арада тұрақтанады. Қаржылық операциялардан абай болыңыз. Тіпті, ұсақ-түйектерді де назардан тыс қалдырмауға тырысыңыз. Демалыс күндер - сауда жасау үшін қолайлы уақыт.

Суқұйғыш
21 қаңтар - 18 ақпан

Осы аптада сабырлы болуға тырысыңыз. Сіздің кейбір идеяларыңыз бен бастамаларыңыз басқалар тарапынан қолдау табады. Пайда әкелетін маңызды ақпарат келуі мүмкін. Бұл аптада іскерлік кездесулер мен келіссөздерді жоспарлаудың қажеті жоқ. Аптаның екінші жартысын демалуға және отбасыңызға арнаңыз.

Балықтар
19 ақпан - 19 наурыз

Осы аптада сіз ұзақ мерзімді жоспарлар жасай аласыз және сенімді серіктестер таба аласыз. Бірақ қалауларыңыздың соңынан ойланбастан еруге болмайды. Сондықтан азғыруларға берілмеңіз. Бұл белгінің кейбір өкілдері қосымша табыс көзін таба алады.

А. Жапатова