Қауіпті энцефалит инфекциясы жұғады. Дәрігер кене шаққанда не істеу керегін айтты

Қауіпті энцефалит инфекциясы жұғады. Дәрігер кене шаққанда не істеу керегін айтты
Фото: vestitula

Дәрігер Роман Иванов RT арнасына берген сұхбатында кене шаққан жағдайда не істеу керектігін айтты.

Дәрігер кене арқылы берілетін инфекциялардың ең қауіптісі энцефалит екенін еске салды. Ауру ми мен жұлынға әсер етеді, жүйке жүйесінің жұмысын бұзады және өлімге әкелуі мүмкін.

"Қолдану схемасы әртүрлі энцефалитке қарсы бірнеше вакциналар бар. Әдетте, бірінші егу суық мезгілде, кенелер белсенді емес кезде, ал екіншісі бір - жеті айдан кейін жасалады. Бірақ шұғыл вакцинация бірден екі дозаны 30 күн ішінде егетін препарат та бар. Қандай схема бойынша вакцинация жасалғанына қарамастан, энцефалитке қарсы вакцинациядан кейінгі иммунитет үш жылға созылады", - деп түсіндірді маман.

Иванов адам энцефалитке қарсы егілгеннің өзінде боррелиоз, сондай-ақ эрлихиоз, анаплазмоз – егу жүргізілмейтін кене арқылы таралатын инфекцияларды жұқтыру қаупі бар екенін атап өтті.

"Боррелиоз немесе Лайма ауруы - бұл тез созылмалы түрге ауысатын, теріге әсер ететін, жүрек пен буындардың жұмысында ақаулар тудыратын, көбінесе жүйке жүйесінің ақауларынан көрінетін бактериялық инфекция", - дейді дәрігер.

Өзіңізді кенелерден қорғау үшін кенеге қарсы арнайы репелленттер мен ашық түсті киімдерді қолдануға болады, себебі жәндіктер одан оңай көрінеді.

"Серуен кезінде және одан кейін киім-кешек пен денені тексеру ұсынылады. Егер кене шаққан болса, тезірек ауруханаға барған жөн немесе оны өзіңіз алып тастаңыз. Мұны істеу үшін жәндікті пинцетпен  ұстаңыз. Кенені зерттеу үшін жабық ыдысқа салыңыз", - деп түсіндірді сарапшы.

Кенені зертханаға беру мүмкін болмаған жағдайда, шаққаннан кейін он күннен кейін талдау үшін қан тапсыру ұсынылады, дәрігер кеңес берді.

Т. Раушанұлы