Алаяқтарға алданып қалмаңыз! Сізге біреу байқамай ақша аударып жіберсе, не істеу керек?

Алаяқтарға алданып қалмаңыз! Сізге біреу байқамай ақша аударып жіберсе, не істеу керек?
Фото: ru.freepik.com

Кейде асығыс сандарды терген кезде, ақшаны басқа біреуге аударып жіберетін кездер болады. Сондай-ақ сізге танымайтын біреу байқамай немесе кездейсоқ секілді ақша аударуы мүмкін. Мұндай кезде не істеу керегін қазақстандық заңгер Азамат Алимов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-ке сілтеме жасап.

Ақшаны таныс емес адам аударды

"Қазақстанның Азаматтық кодексі бойынша, заңда немесе мәміледе белгіленбеген тәртіппен басқа адамның (жәбірленушінің) есебінен байыса, ол оған сатып алған немесе сақталған мүлікті қайтаруға міндетті", - деп ескертті маман.

Алайда заңгердің айтуынша, ерекше жағдайлар бар. Кей заттарды қайтаруға болмайды. Мысалы: азаматқа өмір сүру құралы ретінде берілген және ол қолданып тастаған қаражат пен басқа да мүлік (мысалы, жалақы, авторлық сыйақы, өмірі мен денсаулығына келтірілген нұқсанды өтеу, зейнетақы, алимент және т.б).

Азамат Алимов алаяқтардың құрбанына айналуыңыз мүмкін екенін де ескертті. Олар сізге байқамай аударып жіберген ақшасын қайтаруды өтінеді, бірақ басқа реквизитке аударуыңызды сұрайды.

"Көбіне алаяқтар кездейсоқ адамдардың есеп шоттарына белгілі бір соманы аударады. Соманы алғаннан кейін сізге белгісіз біреулер телефон соғып, төлем қателесіп жасалғанын түсіндіріп, ақшаны басқа адамға және басқа банк шотына қайтаруыңызды сұрайды. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі негізсіз алған мүлікті меншік иесіне қайтаруға міндеттейді. Бірақ! Сіз өзіңізге аударылған соманы басқа тұлғаның шотына қайтара алмайсыз. Мұндай жағдайларда сіз ақшаны иесіне қайтаруға міндеттісіз. Ол қай есепшоттан және кімнен келді, тек соған ғана қайтару керексіз", - дейді заңгер.

Алаяқтар сауда алаңындағы тауарды сатып алуға төлем алу үшін сіздің шотты көрсете алады. Егер сіз олардың сөзіне көніп, аударым жасасаңыз, сіз тек ақшасыз қалмай, өзіңізді үлкен тәуекелге ұшыратасыз. Себебі сатып алушы тауарды алмағандықтан, құқық құрғау органдарына жүгінуі мүмкін. Ал ақша сіздің шотыңызға түскендіктен, бірінші күдікті сіз боласыз. Өйткені, тауарды алмаған әлеуетті сатып алушы құқық қорғау органдарына жүгіне алады. Ал сіз ақшаны алғаннан кейін бірінші күдікті боласыз.

Егер ақшаны қайтармаса, не істеу керек?

Сіз біреуге байқамай ақша аударып жібердіңіз дерлік. Заң бойынша, өз ақшаңызды қайтара аласыз ба? Заңгердің айтуынша, қайтара аласыз.

"Егер шынымен де қателескен болсаңыз және сіздің ақшаңызды қателесіп аударып жіберген болса, бірақ сізге ол соманы қайтармаса, сіз сотқа жүгініп, оған негізсіз түскен соманы қайтарта аласыз. Бұл соттың жеңіп шығуы және заңсыз алынған ақшаны қайтару мүмкіндігі жоғары", - деді ол.

А. Жапатова