"Бала тууды тоқтатсаң, өліп қалуың мүмкін". 40 жасында 44 баласы бар әйел қалай өмір сүреді?

"Бала тууды тоқтатсаң, өліп қалуың мүмкін". 40 жасында 44 баласы бар әйел қалай өмір сүреді?
Фото: James Akena

Бұл әйел 6 рет егіз, 4 рет үшем және 3 рет төртем дүниеге әкелген. Ол бала көтермеймін деп шешіп, дәрігерлерден көмек сұрағанда оған қорғануға болмайтынын айтқан. 44 бала дүниеге әкелген көпбалалы ана - Мариам Набатанзи қалай өмір сүреді?

Өгей шешесі өлтіргісі келген, ал әкесі жасы үлкен еркекке сатып жіберген

Мариам Набатанзи Уганданың шағын ауылында туып-өскен. Оның нақты жасы белгісіз, сұхбаттарда Мариам әртүрлі сандар айтады. Қазір оның жасы шамамен 40-қа таяп қалды.

Мариам дүниеге келгеннен кейін анасы оны тастап кеткен. Оған және басқа бес балаға оның әкесі қараған. Кейін әкесі екінші әйел алады. Өгей шешесі басқаның балаларын жақтырмады. Бір күні өгей шешесі балалардан арылғысы келіп, тамаққа әйнекті ұсақтап салып, оларға оны тауысып қоюды бұйырады. Бұдан тек Мариам ғана тірі қалады, себебі ол далаға қашып кетеді. Содан соң ол әжесімен бірге тұрады.

Әжесі қайтыс болған кезде әкесі қызын қасына алудан бас тартады.

Сол кезде ол өзінің туған анасын іздеп табуды шешеді. Алайда бұл кездесу оған қуаныш сыйламады. Анасы тағы да қызынан бас тартады: ол бұрынғы некесінен балалары барын жаңа күйеуінен жасырып келген.

Мариам 12 жасқа толғанда әкесі оны жасы үлкен еркекке әйел етіп беріп, сатып жібереді. Уганда үшін бұл үйреншікті жағдай. Кедейлік ата-аналарды осындай әрекетке итермелейді. Базардың ортасында неке келісімдері жүре береді және сөз туған қызы емес, үй жануары жайлы қозғалып жатқандай көрінеді.

"Мен шалға күйеуге шықтым: ол 40-та, мен 12 жаста болдым. Мен әлі бала едім. Содан бері бұл әлемнен көңілім қалды. Мен өзімді ешқашан сүйікті сезінбедім. Ол мені үнемі қорлайтын, ұрды және зорлады. Кейде оның ашулануы үшін бір сөздің өзі жеткілікті болатын. Кейде оның бәріне шыдайтын күш қалмағандай көрінетін, бірақ мен балаларды бір еркектен дүниеге әкелгім келетін, сол үшін осы некеде қалуға мәжбүр болдым", - дейді Мариам.

2017 жылы Уганда басшылығы балалар некесімен және жасөспірімдер жүктілігімен күресті қолға алды. Содан бері бойжеткендер мемлекет тарапынан қолдау ала бастады.

Legion Media

"Бала тууды тоқтатсаң, өліп қалуың мүмкін"

Мариам 13 жасында тұңғыш рет ана атанды және ол бірден егізді болды.

"Құдай маған балалы болуды нәсіп етті", - дейді Мариам.

Оның бұл сөзіне қарсы шығу қиын. Себебі келесі екі жүктілік те оған егіздерді сыйлады. Төртінші жүктілікте ол төртемді дүниеге әкеледі.

Мариам алғашқы алты баласынан кейін өзінің аналық миссиясын орындадым деп ойлап, енді бала көтермеуді шешеді. Ол көмек сұрап, дәрігерге қаралады. Алайда дәрігер оны бұл әрекетінен айнытады. Мариам өзінде сирек кездесетін патология бары жайлы абсурд идеяға сеніп қалады: онда көп аналық жасуша бөлінеді, оларды ұрықтандыру керек, әйтпесе, қатерлі ісік пайда болып, өлу қаупі бар. Ішке қабылдайтын контрацептивтерден Мариамның жағдайы нашарлаған, сондықтан ол оларды іше алмаған.


dpa picture alliance / Alamy

Күйеуі оны балаларымен бірге тастап кетті

Әйел барлығы 44 бала дүниеге әкелген, бірақ оның алтауы сәби кезінде шетінеп кеткен. Соңғы бірнеше жылдықта әкесі үлкен отбасын тастап кеткен. Бұл Мариам үшін жеңілдік болған. Күйеуі жиі ішіп, ұзаққа жоқ болып  кететін болған. Кей балалары әкесін бір рет болсын көрмеген. Бастапқыда ол айына бір рет, кейін жылына бір рет келетін болған. Содан соң барлық мүлігін сатып, жоқ болып кеткен.

Отбасын жалғыз өзі қамтамасыз етіп отыр

Мариам - қаншама қиындық көрсе де, өзінің адамгершілігін, мейірімділігін сақтап қалған әйел. Балалар оны қатты жақсы көреді. Балаларының ең үлкені - 24 жаста, ал ең кішісі 3 жастан асқан. Мариам балаларының тоқ жүруі үшін және білім алуы үшін қолынан келгенінің бәрін істейді. Ол үлкен отбасын тамақтандыру үшін және мектепке төлеу үшін кез келген жұмысқа кірісіп кетеді және көптеген мамандық меңгеріп алған.

Ол джин жасауды үйреніп алып, сатқан. Дүкендерге емдік шөптер апарады. Мариам шаш өреді, той ұйымдастыруға көмектеседі, киім тігеді, торттар пісіреді және басқалардың киімін жуып береді. Көпбалалы ана күнде 20 кг жүгері ұнын, 5 кг қант және 7 кг үрмебұршақ сатып алуға мәжбүр.

2018 жылы Мариамның оқиғасын бүкіл әлем білген кезде бұл үлкен отбасыға 10 мың доллардан артық қаражат жинап берді.

"Өкінішке қарай, бізде білім өте қымбат және көпшілікке қолжетімсіз. Мен мұғалімдермен келісіп, балаларымды қарызға оқытуға рұқсат алдым. Мен ақшаны жинаймын, бөліп беремін, содан соң қайтадан жинаймын. Мен балаларымның білімді болуы керек екенін білемін. Менде 16 қыз, қалғандары ұлдар. Мен олардың білім алып жатқанына қуанамын, себебі менде ондай мүмкіндік болған жоқ", - дейді Мариам.

2016 жылы дәрігерлер Мариамның ұрықтылығымен күресіп, оған ота жасалды, енді ол бала көтермейді.

"Бастысы - олар сау, мен балаларға білім беріп отырмын және олар аш емес. Ал қалғандары - өмірдегі ұсақ-түйектер", - дейді Мариам.

Parents.ru

А. Жапатова