Неліктен ер адамдар қалың ерінді әйелдерді ұнатады: ғалымдар зерттеп, анықтады

Неліктен ер адамдар қалың ерінді әйелдерді ұнатады: ғалымдар зерттеп, анықтады
Фото: smartbuy.kz

Кейінгі жылдары ерінді үлкейту үрдісі күшейіп келеді. Қыздар ернін үлкейту үшін пластикалық отаға жиі жүгінеді. Неліктен қалың ерінді бойжеткендер әдемі санала бастады? Бұл сұлулық стандартында бірнеше ғылыми түсініктеме бар.

Ғалымдар ер адамдар қалың ерінді әйелдерге бірінші назар аударатыны миф емес екенін анықтап қана қоймай, сонымен қатар қай өлшемдер ең тартымды деп есептелетінін зерттеді. Ирвиндегі Калифорния университетінің сарапшылары эксперимент жүргізіп, 600-ге жуық адамға әртүрлі ерінді 20 әйелдің фотосуреттерін бағалауды сұраған. Зерттеуге қатысушылардың пікірінше, ең тартымды еріндер шынайыдан 53,5 пайызға үлкенірек болып шықты. Респонденттердің көпшілігінің пікіріне сүйенсек, беттің төменгі үштен бір бөлігінің шамамен 10 пайызын құрайтын ерін ең әдемі болып саналады екен. Нәтижелер JAMA Facial Plastic Surgery журналында жарияланды.

Алайда, қалың ерінді әйелдер әрқашан әдемі саналмаған. Орта ғасырларда қалың ерінді әйелдерді әдемі деп санамағаны былай тұрсын, күнәкар деп айыптаған. Христиандық мораль әйел сұлулығына қойылатын талаптарды белгілеген.

Қалың еріндер Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін сәнге енді. Аштықтан қалжырап шыққан қуыршақтай келбет жоғары бағалана бастады. Содан кейін 60-жылдардағы Твиггиден 90-жылдардағы Кейт Моссқа дейін андрогендік, арық сұлулар дәуірі келді. Қазіргі уақытта қалың еріндер қайтадан сәнге айнала бастады. Мысалы, 2000-жылдардағы ең әдемі әйелдердің бірі – Анджелина Джоли ұзын бойлы, арық, сүйекті және кең иықты, үлкен көздері және қалың еріні бар.

Антрополог Джейми Гордонның айтуынша, адамзат тарихында қалың еріндер нәзіктіктің және тіпті жыныстық сұлулық белгісі болып саналған екен. Тіпті Африканың бірқатар тайпаларында мұндай әйелдер әдемі деп бағаланады.

Психолог-сексолог Ольга Багрий оның бұл сөзін құптайды.

Сонымен қатар, эволюциялық теория туралы ұмытпаңыз. Қаншама жыл бойы адамзат гені аман қалуына ең жақсы мүмкіндік беретін серіктестерді таңдауға тырысты. Яғни, адамдар көбінесе әдемі әйелдерді өмірге дені сау ұрпақ әкеледі деп санады. Қалың еріндер ұрпақты көбейтумен де байланысты болды, өйткені олардың мөлшері жыныстық жетілу кезінде эстрогеннің өсуімен бірге ұлғая бастайды. Сондықтан ерні қалың әйел сана деңгейінде сау және сапалы деп қабылданады, дейді ғалымдар.
 
Сонымен қатар қалың ерін жастықтың белгісі болып саналады. Unilever трансұлттық корпорациясында жұмыс істейтін зерттеуші Дэвид Ганн осындай қорытындыға келді.

Дэвид Ганн 250-ден астам әйелді, соның ішінде егіздерді зерттеп, 60 жастан асқан әйелдерде ерінге байланысты айырмашылықтарды тапты. Себебі, әйелде әжім болып, шашы ағарып кетсе де ернін үлкейтсе жас болып көрінеді екен.

Т. Раушанұлы