Кардиолог мерекені алкогольмен тойлау қаншалықты қауіпті екенін айтты

Кардиолог мерекені алкогольмен тойлау қаншалықты қауіпті екенін айтты
Фото: zdorovieinfo

Көптеген адам күнделікті күйбең тірліктен кейін демалу үшін мерекелерді асыға күтеді. Және жиі демалысты алкогольмен қарсы алады. Бұған әдетте көп жұмыс істейтін, стрессті жиі бастан кешіретін және уақытында дұрыс демалуды білмейтін адамдарда болады.

"Өкінішке қарай, бізді бала кезімізден жақсы оқу, еңбектеніп, мақсатқа жету, жауапкершілікті сезін деп үйретеді, бірақ ешкім бізге міндетті түрде уақытында демалу керек деп айтпайды. Сондықтан, бәріміз алкогольдің көмегімен ғана демалуға болатын жауапты жұмысшылар болып өсеміз. Жұмыстағы стресс пен психологиялық шиеленіс деңгейі неғұрлым жоғары болса, демалу үшін соғұрлым көп мөлшерде алкоголь қажет", - деп түсіндіреді кардиолог Анна Кореневич өзінің телеграм-каналында.

Сондықтан мерекелер травматологтар мен хирургтар үшін ғана емес кардиологтар үшін де қиын кезең болып саналады. Алкоголь, әсіресе үлкен дозада, жарақаттарға, созылмалы аурулардың өршуіне және келесі күні әлсіздікке ғана емес, сонымен қатар "мерекелік жүрек синдромы" деп аталатын ауруға әкелуі мүмкін.

Бұл синдром қалай көрінеді?

Дәрігер айтқандай, физикалық және эмоционалды күйзеліс жағдайында өмір біздің жүрегімізге әсер ете бастайды алғашында ауру білінбейді.

"Біріншіден, сол жақ қарынша ұлғаяды, содан кейін жүректің белсенділігі бұзылады, ол кейінірек жүрек ырғағын бұза бастайды, жүректі қоректендіретін артериялар зардап шегеді", - дейді Анна Кореневич.

Ал көптен күткен мерекелер келіп, адам тезірек демалу үшін алкогольге жүгінгенде, оның денесі адреналин гормонының бөлінеді. Бұл жүрекке артық күш түсіреді.

"Жүрек соғу жиілігі мен қан қысымы көтеріледі, тамырлар тартылады, тромбоз қаупі бірнеше есе артады. Мұның бәрі гипертониялық криздерге, ырғақты бұзуға, жүрек соғысына және тіпті жүрек талмасына әкеледі. Бұл мерекелік жүрек синдромы", - дейді кардиолог.

Не істеу керек?

Дәрігердің айтуынша, адам ішімдіксіз демалуды үйрену керек. Бірақ бұл мүмкін емес болса мерекеден кейін асқыну және қысымның жоғарылауымен оянсаңыз, кардиолог мынадай кеңестер береді:

• төсекте жатыңыз;

• көбірек сұйықтық ішіңіз;

• белсендірілген көмірді пайдаланыңыз.

Сонымен қатар, жағдайыңыздағы кез келген өзгерістерге сақ болыңыз. Егер сізде, жану сезімі немесе төс сүйегінің ішіндегі қысым, жүрек айнуы мен құсу болса, бірден жедел жәрдем шақырыңыз. Анна Кореневичтің айтуынша, уланудың бұл белгілері жүрек талмасын жасыруы мүмкін.

Т. Раушанұлы