Неліктен қараңғыдан қорқамыз? Психотерапевт себебін түсіндірді

Неліктен қараңғыдан қорқамыз? Психотерапевт себебін түсіндірді
Фото: mykaleidoscope

Бір нәрседен қорқу – бұл қалыпты жағдай. Мысалы, адамдар биіктіктен, жыландар немесе өрмекшілерден қорқады. Ал кейбіреулер қараңғыдан қорқады. Бұл ғылым тілінде "Никтофобия" деп аталады. 

Қараңғыдан негізінен балалар қорқады. Қорқыныш тудыратын ойдан шығарылған әңгімелер олардың санасында кетпей қояды.

Бірақ кейбір ересектер де никтофобиядан зардап шегеді. Психотерапевт, психиатр Юлия Абрамова ересектердің қараңғыдан не үшін қорқатынын айтып берді.

Біз жиі қорқынышымызды жеңеміз

Адам есейген кезде оның санасы көбінесе бәрін өз орнына қояды, қараңғыда қорқынышты ештеңе жоқ екенін түсінеді. Бірақ бұл әрдайым солай бола бермейді.

Кейде балалық шақта алған және қараңғылық фобиясын қалыптастыратын жарақаттың күшті болғаны сонша, "төсек астындағы құбыжықтар" және қараңғыда өмір сүретін зұлым рухтар туралы әңгімелерге есейген соң да сеніп қаламыз.

Никтофобия өмірді улайды

Медициналық анықтама бойынша қараңғыдан қорқу – тұрақты мазасыздық, жарық болмаған кезде пайда болатын өмір мен денсаулыққа тікелей қауіп төну сезімі. Мұндай кезде адамда  күйзеліс пен эмоцияның арқасында қан қысымы көтеріледі, импульс және тыныс алу жиілейді, іштің қысылуы, жүрек айну, бас айналу пайда болады. Мұның бәрі қорқынышты арттырады.

Қараңғыдан қорқу табиғатта әртүрлі. Қарапайым адамдардың көпшілігінде психологиялық қорқыныш бар. Егер адам күйзеліс кезінде мұндай реакцияларды қалыпты деп санауға болады.

Фобияның көріністері пассивті-қорғаныс рефлексінің күрт тежелуімен және бұрын өткізілген өмір тәжірибесімен байланысты. Мысалы, сіз қараңғыда болған кезде қатты соққыны бастан өткерсеңіз, көлік қағып кетсе немесе қылмыскер шабуыл жасаса бұл жағдайда психикада қараңғыдан обсессивті қорқыныш бекітіледі.

Қорқыныш қараңғылық және қараңғыда сұлбасы көрінетін заттар кезінде асқынады. Мұның бәрі сананы басып, үрей туғызады. Көбінесе мұндай жағдай невропатиядан зардап шегетін адамдарда пайда болады.

Қараңғыдағы қорқынышпен қалай күресуге болады?

Ол үшін күнделікті режимді сақтау, психоэмоционалды стрессті азайту, физикалық белсенділікті арттыру, тыныс алу жаттығуларын қолдану және т.б. Бірақ кейбір жағдайларда дәрігерге бару керек.

Маманның көмегі қажет екенін көрсететін белгілер:

• Пайда болған қорқыныш өте тез ауқымды қорқынышқа айналады;

• Себебсіз адам қорқа бастайды;

• Қорқыныш претенциалды сипатқа ие болады, бастапқы кішкентай көлемнің шегінен шығады;

• Қорқыныштың арқасында да адам агрессивті түрде басқалардан күдіктенеді, сақ болады;

• Егер қорқыныш қауіп төндірсе, адам эмоционалды түрде дұрыс емес әрекет етеді;

• Ол үнемі өзінің қорқыныштары туралы айтады;

• Айналаға мағынасыз қарайды.

Әдеттегі ойлауда өзгерістер болса, физикалық белсенділік, тәбет пен ұйқы бұзылса, маманмен кеңесу маңызды.

Т. Раушанұлы