Көктемде махаббатын жолықтыратын 3 жұлдыз белгісі

Көктемде махаббатын жолықтыратын 3 жұлдыз белгісі
Фото: ru.freepik.com

Ғашық болу ешқашан кеш емес, оған қоса, жақында ең романтикалық кезең басталады. Таролог Галино Янко Marieclaire.ru сайтына көктемде махаббатын жолықтыруы мүмкін 3 жұлдыз белгісін атады.

Торпақ (21 сәуір-20 мамыр)

Бұл көктемде жеке өмірде кейде қиыншылықтар болуы мүмкін, бірақ қызықсыз болмайтыны анық. Кездестірген адамыңызбен жай ойнағыңыз келеді және тартымдылығыңызбен оның басын оңай айналдырып аласыз. Бірақ қазір өз мойныңызға жауапкершілік алып, жаңа нәрсені байқап көретін уақыт келді. Шабытыңызды пайдаланыңыз. Мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз. Ішкі қалауыңызды тыңдаңыз. Әрекетіңіз елеусіз қалмайды.

Шаян (21 маусым-22 шілде)

Бұл жұлдыз белгісі өкілдерінің көпшілігі қарым-қатынастың жаңа кезеңіне дайын екенін түсінеді. Егер бұл сіз туралы болса, келесі кездесуде сүйіктіңізбен немесе симпатия объектісімен тереңірек деңгейде сөйлесіп көріңіз. Сіздің назарыңызды аударғысы келетін адамды елемей қоймаңыз. Егер терең байланыс деңгейіне жеткіңіз келсе, армандарыңызбен және әлемді қалай көретініңізбен бөлісіңіз. Сізге қызықты санаңызды баурап алатын адам керек.

Суқұйғыш (21 қаңтар - 18 ақпан)

Көктем – алға бір қадам жасап, танысуға ашық болатын керемет сәт. Сізге романтикалық қызығушылық танытатын адамдар бар. Әлсіз тұстарыңызды қатайтыңыз, қазіргіден де жақсырақ және мықты бола түсу үшін сырт келбетіңізге өзгеріс енгізуге болады.

А. Жапатова