"Аяқ киімнің бауын байлай аламын": 40 жыл бойы қиылмаған тырнақ қандай болады?

"Аяқ киімнің бауын байлай аламын": 40 жыл бойы қиылмаған тырнақ қандай болады?

Нью-Йоркте туып-өскен Лора Дремонд балалық кезінде тырнағын тістей беретін болған. Ол бұл әдеттен арылу үшін "21 күн" әдісін де пайдаланып көрген. Бірақ оған ештеңе көмектеспейді. Алайда біркүні дүкендегі кездейсоқ кездесу бәрін өзгертті, - деп хабарлайды Woman.ru.

Супермаркетте жүрген кезде Лораның көзі бір әйелдің қолына түседі. Оның тырнақтары күтімді, әдемі және жылтырап боялған болады. Ол оның жанынан жай өтіп кете алмайды. Лора әйелге жақындап, одан кеңес сұрайды. Сол кезде Лора өзіне "мен де біркүні тартымды нәтижеге жетемін" деп уәде береді.

"Мен кішкентай кезімде тырнағымның етін қанағанша тістейтінмін. Бірақ отбасымның қолдауымен мен бұл әдеттен арыла алдым", - деп еске алады Лора.

Созылмалы әдетін жеңіп, Лора тырнағына күтім жасауды қолға алады. Ол маникюр жасайтын салонға жүйелі түрде барып, тырнақ өсіруді қолға алады. 

Міне, 40 жыл өткеннен кейін Лора өз өмірін ұзын тырнақтарсыз елестете алмайды. Сондай-ақ ол әр тырнағына есім берген.

Лора бірнеше жыл қатарынан бір тырнақ шеберіне барады. Мария Отис оған бір күнін арнайды екен.

"Мен оны "тырнақ ойынының ханшайымы" деп атаймын, себебі ол дизайн мен түстерді жаңа деңгейге шығарады. Маған маникюр жасау үшін шамамен 8 сағат уақыт кетеді", - деп бөлісті Лора Дремонд.

Лора мұндай ұзын тырнақпен үй шаруаларын жасай береді. Ол тек әшекей таққанда қиналатынын айтқан. Бір қызығы, ол балалар күтушісі болып жұмыс істейді және ол ешқашан балаларды байқамай тырнап алмаған. Сондай-ақ ол телефонды басуды және аяқ киімінің бауын байлауды үйренген. Ол тырнағын өсіруді жалғастырғысы келеді.

Оның басты мақсаты - Гиннес рекордтар кітабына ену. Қазіргі таңда ең ұзын тырнақ иесі – Миннесотадағы әйел. Оның тырнағының ұзындығы – 138 см. Ал Лораның тырнағы 55 см-ге жетті.

А. Жапатова