"Арыстандар - тәкаппар, Мергендер - төзімді". Жұлдыз белгілері жайлы қызық деректер

"Арыстандар - тәкаппар, Мергендер - төзімді". Жұлдыз белгілері жайлы қызық деректер
Фото: ru.freepik.com

Әр адамның өзіне тән ерекше қасиеті бар.  Десе де кейде бір жұлдыз белгісіне жататын адамдардың мінездері мен қасиеттерінен ұқсастық байқалады. Бүгін әр жұлдыз белгісі жайлы қызықты фактілер ұсынамыз.

Тоқты (20 наурыз - 19 сәуір)

- Тоқтылар жиі компьютерлік ойындарға тәуелді;
- Олар басқаларға қарағанда ақшаны саяхатқа көп жұмсайды;
- Жиі уайымға салынады, бірақ оны басқаларға білдіртпеуге тырысады.

Торпақ (20 сәуір - 20 мамыр)

- Торпақтар киімді жақсы көреді. Олар ақшаның көбісін киімге жұмсап қоюы мүмкін;
- Бұл жұлдыз белгісі өкілдері ең күшті сыйлықтар береді. Себебі олар жақындарын немесе достарын қуантқанды жақсы көреді;
- Олар жиі биіктіктен қорқады.

Егіздер (21 мамыр - 20 маусым)

- Бұл жұлдыз белгісінің адамдары драмасыз жүре алмайды. Олардың ойынша, қарым-қатынаста драманың болмауы дұрыс емес;
- Егер Егіздерге ұнағыңыз келсе, оларды күлдіріңіз;
- Егіздер үшін үнемі басқалармен араласу маңызды. Әйтпесе, олар жылдам солып қалады.

Шаян (21 маусым - 22 шілде)

- Шаяндардың аспаздық қабілеттілігі өте жоғары. Олардан дарынды аспазшылар шығады;
- Шаяндар жалғыздықтан қатты қорқады;
- Олардың интуициясы жақсы дамыған.

Арыстан (23 шілде - 22 тамыз)

- Арыстан - ең тәкаппар жұлдыз белгісі және бұл белгінің адамдары біреу үшін өзгермейді;
- Олар - әлемдегі ең адал адамдар;
- Олар жиі күлкілі жағдайларға тап болады.

Бикеш (23 тамыз - 22 қыркүйек)

- Олар әр нәрсеге ашуланады. Бикештер әр нәрседе реттілікті жақсы көреді;
- Бұл жұлдыз белгісі өкілдерінің талғамдары жақсы дамыған;
- Ең соңғы сөз үнемі Бикештерде болады.

Таразы (23 қыркүйек - 22 қазан)

- Таразылар шулы және әбігер адамдардың тілін жақсы табады, бірақ олар мұндай адамдарды аса ұнатпайды;
- Таразылар басқаларды әрдайым кешіреді, бірақ өтірік айтатын адамдарды іштей жақсы көрмейді;
- Өзіне жақын адамдарды үнемі қорғап жүреді.

Сарышаян (23 қазан - 21 қараша)

- Олардан жақсы тергеушілер мен детективтер шығады;
- Сарышаяндардың мінезі ауыр келеді;
- Олар жиі мысқылдап сөйлейді.

Мерген (22 қараша - 21 желтоқсан)

- Мергендер төзімді және оптимист;
- Мергендердер арасында дарынды журналистер көп кездеседі. Бұл оларға арналған мамандық;
- Олар шытырман оқиғаларды жақсы көреді.

Тауешкі (22 желтоқсан - 20 қаңтар)

- Тауешкілерден жақсы басқарушы шығады. Олар туа біткен лидерлер, бірақ кейде оны өздері байқамайды;
- Егер Тауешкілерге ұнағыңыз келсе, олармен дауласпаңыз. Оның айтқанымен келісе кетсеңіз, сізде мүмкіндік көбірек болады;
- Тауешкілердің нашар ұйықтауының себебі - олардың өмір, әлем және проблемалар жайлы көп ойлауы.

Суқұйғыш (21 қаңтар - 18 ақпан)

- Суқұйғыштардан данышпан ғалымдар шығады;
- Олар жиі ортақ әуесқойлығы бар адамдармен қарым-қатынас құрады;
- Олар басқаларға мейірімді, бірақ өздеріне қатал.

Балықтар (19 ақпан - 19 наурыз)

- Балықтар - шығармашыл тұлғалар, олардан жиі жақсы суретшілер шығады;
- Ойлаған мақсатына жетпей қоймайды;
- Басқаның пікірін қабылдамайды.

А. Жапатова