Психолог ерлі-зайыптылар арасында жыныстық құштарлық жоғалуының 7 себебін атады

Психолог ерлі-зайыптылар арасында жыныстық құштарлық жоғалуының 7 себебін атады
Фото: delfi.lv

Адамдар бір-бірін қалай жақсы көрсе де, бағалайтынына қарамастан, өмірде қиындықтар, келіспеушіліктер мен ұрыс-керіс болады.

Біз қаржыны, балалар тәрбиесін және басқа да проблемаларды талқылай алсақ та, интимдік өмірде бәрі оңай емес. Бұл кейде бір-бірімен сөйлесуге тартынатын нәзік тақырып.

"Статистикаға сүйенсек, көбіне некедегі ерлі-зайыптылардың өмірі жақсы. Олар көп нәрсені бірге бастан өткеріп, арасында берік қарым-қатынас орнайды. Мұның бәрі интимдік өмірдің сапасын жақсартады. Дегенмен, уақыт өте келе бәрі басқаша болуы мүмкін: отбасындағы беріктік әлсірейді. Содан кейін мүлдем жоғалады. Ұрыс-керіс басталады", - дейді маман.

Неліктен ерлі-зайыпты арасында жыныстық құштарлық жоғалады? Психолог Эльяким Кислев оның 7 себебін атады:

Уақыт пен энергияның жетіспеушілігі. Отбасылық өмірде үй шаруасы, балалар тәрбиесі және басқа жұмыстар болады, бұған ерлі-зайыптылар көп күш жұмсайды.

Өз қалауыңыз туралы айта алмау. Жарыңыз өзінің жаңа қиялымен бөлісуге тартынуы мүмкін, ол сіздің жыныстық өміріңіздің кейбір аспектілері оған ұнамайтынын мойындауға ұялады.

Көңіл-күйдің бұзылуы. Уақыт өте келе сүйкімді тосынсыйлар, себепсіз сыйлықтар жоғалады. "Шындығында, сол тосынсый кезеңін мезгіл-мезгіл қайталап тұру керек", - дейді сарапшы.

Физиологиялық өзгерістер. Жасы ұлғайған сайын біздің денеміз де өзгереді, артық салмақ пайда болады, тері бұдан былай мамық және тегіс болып көрінбейді. Жұбайыңыз ұяла бастайды.

Жаңалықтың жоқтығы. Күнделікті тауық сорпасы мен котлеттерді қатты жақсы көрсеңіз де жеуден шаршайтыныңыз сөзсіз. Интимдік өмірде де солай. Оны әртараптандыруға тырысыңыз! Жыныстық сауаттылықты арттырып отыру да маңызды.

Күйзеліс және жанжалдар. Сіз қаншалықты жиі жанжалдасаңыз, жыныстық құштарлық та соншалықты тез жоғалады. Негативті эмоцияны жарыңызға емес басқа жерге көрсетіңіз. Бұл үшін белсенді спорт, жүгіру немесе тіпті караокеге бару өте қолайлы.

Стереотиптер. Әлем бізді жиі бұзатын әртүрлі көзқарастарға толы. Жыныстық өмірде де стереотиптер бар. Сонымен, кейбіреулер уақыт өте келе бәрі нашар деп санайды, бейсаналық түрде осы параметрге бейімделе бастайды.

"Бұл тек бірнеше ықтимал себептер екенін және көптеген факторлар адамның жыныстық өмірінің сапасына әсер етуі мүмкін екенін атап өткен жөн. Әрқашан жарыңызға адал болыңыз. Отбасылық терапевтке барыңыз", - дейді психолог.

Айта кетейік, бұған дейін уролог жыныстық қатынас кезінде ерлерге зиян деген 7 деректі жоққа шығарған болатын.

Т. Раушанұлы