"Өткенмен қоштасу аптасы". Жұлдыз жорамал: 19.12.2022 – 25.12.2022

"Өткенмен қоштасу аптасы". Жұлдыз жорамал: 19.12.2022 – 25.12.2022
Фото: pixabay.com

Бұл аптада жалпы энергетикалық және психологиялық фон әлдеқайда жақсы болмақ. Жаңа идеялар мен оптимистік көзқарас жоспарлардың жүзеге асуына көмектеседі. Айналаңыздағыларға көбірек қошемет сөздер айтыңыз және жағымды орта жасауға тырысыңыз. Ал сіз оның орнына әлемнен жарқын эмоциялар аласыз.

Тоқты
20 наурыз – 19 сәуір

Кез келген іс - жұмыс, бизнес, мансап - қанағаттандырады және қаржылық пайда әкеледі. Кәсіби мансаптағы жоғары белсенділік сенімді болуға және алдағы жылға жаңа мақсаттар қоюға көмектеседі. Өз-өзіңізге жарнама жасауға мән беріңіз, өз қызметтеріңіз бен жетістіктеріңіз сипатталған веб-парақша ашыңыз. Мансаптық табыстар фонында жеке өмір екінші орынға түседі.

Торпақ
20 сәуір – 20 мамыр

Апта басында Торпақтар материалдық проблемаларды шешумен болады. Бюджетіңіз жаңа жыл алдында сауда жасауға жеткіліксіз болуы мүмкін. Алайда апта ортасында бұл проблема шешіледі. Достарыңыздан қарыз алуыңыз немесе жолдасыңыз премия алуы мүмкін. Сондай-ақ бұл апта саяхаттауға, білім алуға, жаңа таныстарды кездестіруге және ерекше әсерлер алуға жақсы уақыт.

Егіздер
21 мамыр – 20 маусым

Қаржылық жағынан Егіздерді тұрақтылық күтіп тұр. Мансаптық талпыныстар өз жемісін береді және келесі жылы кәсіби салада жаңа кезең бастауға көмектеседі. Бұл жаңа роман бастауға жақсы уақыт емес, бірақ бұрынғы байланыстарды қалпына келтіруге қолайлы кезең. Ғашық Егіздер өте эмоционалды және асығыс шешім қабылдауға бейім болады.

Шаян
21 маусым – 22 шілде

Шаяндар апта басында шектеулі жағдайға тап болуы мүмкін. Мысалы, денсаулық нашарлап, төсек режимін сақтауға мәжбүр болады. Немесе басқа адамдар алдында міндеттемелермен байлаулы болуыңыз мүмкін, сондықтан өзіңіз қалағандай әрекет ете алмайсыз. Десе де, апта ортасында барлық сынақтан өтіп, қойған мақсатыңызға жете аласыз. Апта соңында некедегі қарым-қатынас үйлесімді болады.

Арыстан
23 шілде – 22 тамыз

Серіктестік қарым-қатынасты сақтаңыз және жарыңызбен жанжалдаспауға тырысыңыз. Бұл апта барлық ойыңызды бір жерге жинап, болашақ жайлы ойлауға және келер жылға жаңа мақсаттар қоюға жақсы уақыт. Сіздің ұйымдастырушылық дарыныңыз оянады және сіз айналаңыздағыларды жаңа бастамаларға шабыттандыра аласыз. Мойныңызға қосымша жауапкершілік алудан қорықпаңыз. Ол сізге көшбасшы болуға көмектеседі.

Бикеш
23 тамыз – 22 қыркүйек

Жағдай маңызды істермен айналысуға мәжбүр етеді: жауапты шешімдер қабылдайсыз, әрекеттің өнімді әдісін таңдайсыз және ең маңыздысы, қажетті дағдылары бар мамандар іздейсіз. Қазір олар сізді қолдайды және сіз өз міндетіңізді еш қиындықсыз орындап, жаңа деңгейге шыға аласыз. Жаңа романтикалық таныстық ұзаққа созылмауы әбден мүмкін, сондықтан күшіңіздің бәрін іскерлік салаға жіберген жөн.

Таразы
23 қыркүйек – 22 қазан

Сізде ынта мен мақсат қана емес, қызметке қажетті ресурстар мен мүмкіндіктер де пайда болады. Уақытты бекерге жоғалтпаңыз, барлық дарыныңыз бен дағдыңызды  пайдаланыңыз. Сол кезде сізге жаңа есіктер ашыла бастайды. Қазір орындаған жұмыстарыңыздың нәтижесіне қарай жақын арада мансап бойынша өсуіңіз немесе жалақы артуы мүмкін.

Сарышаян
23 қазан – 21 қараша

Көшбасшылық қызметті өз қолыңызға алып, командаға басқа адамдарды тартыңыз. Барлық жоспарыңызды іске асырып, бизнес идеяларыңызды айтыңыз. Шығармашылық қабілеттеріңізді қолданатын кез келді. Ойыңызға келген жаңашыл идеяларды жүзеге асыруға тырысыңыз. Нәтижесінде материалдық жағдайыңыз жақсарады.  

Мерген
22 қараша – 21 желтоқсан

Көмекшілердің көмегіне жүгінудің қажеті жоқ: әр қадамыңызды мұқият ойластырып, өздігінше әрекет етіңіз. Кез келген іскерлік ұсыныс назар аударуға тұрарлық: олардың арасында тиімдісі болуы әбден мүмкін. Саяхатқа шығуыңыз мүмкін, ол сізге үлкен тәжірибе береді. Ортаңыз жаңа адамдармен толығуы мүмкін. Жылдың соңында өміріңізге келген адамдар сізге алдағы жылға табысқа жетуіңізге ықпалын тигізеді.

Тауешкі
22 желтоқсан – 20 қаңтар

Шаруаларыңыз уақытша тоқтап қалуы мүмкін: жұмыста және бизнесте күтпеген кедергілер пайда болады. Көбірек бос уақыт болады. Осы кезде жаңа таныстар іздеңіз, достық қарым-қатынасты қатайтыңыз, бірге жобалар бастаңыз. Барлық жаңа нәрсені қабылдауға тырысыңыз.

Суқұйғыш
21 қаңтар – 18 ақпан

Ұзақтан бері күш жұмсап, жұмыс істеп жүрген мақсатыңыз бар болса, жақын арада ол іске асып, материалдық жағдайыңыз жақсаруы мүмкін. Бірақ бар дүниеңізді екі еселеп алатын уақытты жіберіп алмас үшін қазір қаржыңызды бақылауда ұстауыңыз керек. Сондай-ақ бұл аптада сізді жағымды романтикалық кездесу күтіп тұр.

Балықтар
19 ақпан – 19 наурыз

Қазір сіздің әсер ету күшіңіз өте жоғары, сондықтан сіз барлық қарсыластарыңыздың алдына шыға аласыз. Бұл жеке де, іскерлік те қарым-қатынасқа байланысты. Бастысы, әдептілік ережелерін бұзбаңыз. Бұл өткенмен қошату аптасы: еш нәтиже жоқ қатынастарды тоқтататын уақыт келді. Жаңа бастамаларға дайын болыңыз, себебі келер жыл сіздің өміріңіздегі маңызды жаңа циклды ашады.

А. Жапатова