Ақылды адамдардың 4 әдеті

Ақылды адамдардың 4 әдеті
Фото: work.ua

Сіз өзіңізді ақылды адаммын деп санайсыз ба? Жалпы, мұндай сипаттама әртүрлі мағынаны білдіреді: біреу білім деңгейін ақыл-ойдың белгісі деп санаса, біреу әлеуметтік немесе эмоционалды интеллект деп санайды. Ал біреу ең маңызды жалпы интеллектті айтады.

Олар басқалардан даналық іздейді

Нағыз ақылды адамдар өмір бойы оқиды, подкаст тыңдайды және өз білімі мен тәжірибесімен бөлісе алатын адамдармен байланысады. Егер сіз өзіңізді ортадағы ең ақылды адам санасаңыз, дұрыс емес ортада жүргеніңіз анық. Ешкім бәрін біле алмайды, бірақ ақылды адам өзінің білім қазынасын толықтыру мүмкіндігін ешқашан жібермейді.

Айтпақшы, кітаптар сіздің миыңызды шынықтырады. Раш университетінің (Чикаго) ғалымдары кітап оқу когнитивтік функцияны жақсартуға және деменцияның басталуын орта есеппен 5 жылға кешіктіруге көмектесетінін анықтады.

Олар манипуляциялық емес және сыни ойлау қабілетіне ие болады

Ақылды адамдар әрқашан бірінші ойлайды, кейін әрекет етеді. Біреу оларды дереу әрекет етуге көндіруге тырысса да, тіпті айналасындағылардың бәрі басқаша шешім қабылдаса да олар алдымен ойланады.

Манипуляцияға қарсы тұруға көмектесетін «патша-күн» әдісі бар. Психолог Денис Долговтың айтуынша, Франция королі XIV Людовик ешқашан өтінішке немесе сұраққа тікелей жауап бермеген.

Сонымен қатар, ақылды адамдар топтық ойлаудың ерекшеліктерін біледі. Мысалы, адамдар тобы келіспеушіліктен немесе келісуге мәжбүр болудан қорқып, көпшіліктің пікірі негізінде шешім қабылдайды. Ақылды адамдар мұнда жолға бармайды.

Олар жаңа нәрсеге құмар

Кез келген ақылды адамның қасиеті – білуге ​​құмарлық. Ғалым Альберт Эйнштейн: «Менде ерекше талант жоқ. Мен жай ғана барлық нәрсеге қызығамын», - деген екен.

Harvard Business Review хабарлауынша, қызығушылық деңгейі жоғары адамдар көбірек тың идеяларды тудырады және бұл ойлау тәсілі уақыт өте келе білім алудың жоғары деңгейіне әкеледі.  

Олар тыңдай алады

Ақылды адам сұхбаттасушыны әрқашан мұқият тыңдайды: сіз шынымен маңызды және пайдалы ақпарат қай жерден келетінін ешқашан білмейсіз. Сонымен қатар, жақсы тыңдаушы басқалармен оңай ортақ тіл табады, бұл жалпы өмірді жеңілдетеді.

Өкінішке қа, біз жиі мұқият тыңдай бермейміз. Ғалымдардың айтуынша, екі күн ішінде біздің санамызда сақталған барлық ақпарат 25 пайызға дейін азаяды. Яғни, біз естіген нәрселердің төрттен бірін ғана есте сақтаймыз, деп жазады Inc.

Т. Раушанұлы