- Негізгі бет
- Жаднама
- Диетолог кімге қара...
Диетолог кімге қара нан жеуге болмайтынын айтты
Азық-түлік дүкендері мен наубайханаларда неше түрлі нан табуға болады. Бірақ пайдалы деп саналатын нанды да кез келген адам жей алмайды, дейді диетолог.
Бізді бала кезімізден жиі нан жеуге үйретеді. Кез келген тағамға нан қосып жей береміз.
Шындығында, барлық тағамдарды бір тілім нан немесе тұтас дәнді тоқашпен жеу мүлдем қажет емес, дейді диетологтар. Сөзсіз, нан күнделікті тағам құрамында болуы керек, бірақ қалыпты мөлшерде: оның барлық пайдалылығына қарамастан, нан қандағы қанттың көбеюіне және салмақтың артуына себеп болуы мүмкін.
«Ағзаға ұтымды мөлшерде ашытқысыз тұтас дәнді нан пайдалы. Мәселен, қара нанның құрамында жүйке және жүрек-тамыр жүйесінің жұмыс істеуі үшін қажетті В1 дәрумені бар», - дейді диетолог Дарья Русакова.
Оның айтуынша, қара нанды дұрыс таңдай алу маңызды.
«Өнімнің құрамында тек қара бидай ұны болуы керек. Дәл қара бидай ұнында ас қорытуға көмектесетін, қандағы холестерин деңгейін төмендететін және ағзаны онкологиядан қорғайтын көптеген диеталық талшықтар бар», - дейді маман.
© tomsk.ru
Дегенмен, кейбір адамдар қара наннан бас тартуы керек:
• созылмалы гастритпен ауыратындар;
• асқазанның қышқылдығы жоғарылағанда;
• асқазан жарасының өршуі болса;
• қара бидай нанын үш жасқа толмаған балаларға беруге болмайды.
«Есіңізде болсын, дүкеннен сатып алынған нанның құрамында тым көп тұз болуы мүмкін, сондықтан әрқашан құрамын қараңыз», - дейді диетолог.
Өндіруші арпа немесе қарақұмық ұнын қолданса және өнімнің өзіне зире, тұқым, жаңғақтар, көкөністер мен кептірілген өрік қосса жақсы – бұл нанды дәмді және пайдалы етеді.
Айта кетейік, бұған дейін дәрігер "арықтау кезінде наннан бас тарту керек пе әлде картоптан ба?" деген сұраққа жауап берген болатын.
Т. Раушанұлы