Арықтау кезінде наннан бас тарту керек пе әлде картоптан ба – дәрігер жауабы

Арықтау кезінде наннан бас тарту керек пе әлде картоптан ба – дәрігер жауабы
Фото: agant.livejournal.com

Салмақ тастап жүрген адамдар жоғары калориялы және пайдасыз деп санайтын тағамдарды жемеуге тырысады. Мұндай тағамдар тізімінің көш басында нан мен картоп тұр.  Бірақ кейде екеуінен бірдей бас тартуға болмай жатады. Қай өнім шынымен зиянды? Бұл туралы дәрігер-нутрициолог Светлана Горяйнова айтып берді.

© Shutterstock.com

Картоп – екінші нан

Көптеген адамдар картопты "екінші нан" деп атайды. Онсыз түскі немесе кешкі асқа отыратындар аз.

"Картоптың пайдалы немесе зиянды болуында оның түрі, сорты, сондай-ақ дайындау тәсілі маңызды. Мысалы, шикі картоп мүлдем зиян емес. Бірақ шикі картопты жеуге болмайды. Ал, пісіргеннен кейін картоп өте жоғары гликемиялық индекске ие, сондықтан көмірсуларға төзімділігі бұзылған, қант диабетімен ауыратын адамдарға жеуге болмайды", – дейді диетолог Светлана Горяинова.

© food.inmyroom

Әсіресе, қуырылған картоп зиян

"Интенсивті жылдам термиялық өңдеу арқылы пісірілген картоп немесе майға қуырылған (мысалы, фри) картоп крахмалды толығымен дерлік жоғалтады, тез көмірсуға айналады. Мұндай тағамды жеген кезде қандағы қант деңгейі өте тез көтеріледі. Картоптың (және экстремалды термиялық өңдеуден өткен кез келген картоптың) қаншалықты қауіпті екенін түсіну үшін оны глюкозамен салыстыруға болады. Глюкозаның гликемиялық индексі – 100, ал картоптікі – 97", - дейді дәрігер.

Қайнатылған және пісірілген картоп денсаулыққа әлдеқайда пайдалы. Оның гликемиялық индексі 80-85-ті құрайды.

"Термиялық өңдеуден өткен картопты жеу, қант жеумен бірдей. Мысалы, көп адамның сүйікті картоп пюресі, фри – бұл қан тамырлары мен жүрек проблемаларына әкелетін тағамдар, әсіресе, ас қорытуда мәселе болғанда зиян. Сондықтан картопты мүмкіндігінше аз суды пайдаланып, қабығымен пісірген дұрыс", - дейді Светлана Горяинова.

Егер картоп дұрыс пісірілсе (ең жақсысы олардың формасында пісіру), онда оны құнды азық-түлік өнімі деп санауға болады.

© ironman

Нан зиян ба?

"Бидай ұнынан жасалған нан басқа нанға қарағанда (әсіресе қант диабетімен ауыратындар үшін) зиян. Себебі, өңдеу үшін өсірілген астық жылтыратылады және сонымен бірге өзінің барлық дерлік пайдалылығын жоғалтады. Әрі қарай ұн қосымша ағартылады және жасанды түрде байытылады. Сондықтан премиум ұннан жасалған дайын өнімнің іс жүзінде ешқандай пайдасы жоқ" , – дейді Светлана Горяинова.

Гликемиялық индекске келетін болсақ, тұтас астық нанында шамамен 70-75 бірлік бар. Бұл картопқа қарағанда төмен. Бірақ бұл көрсеткіш сонда дажоғары, дейді диетолог.

Дәрігердің айтуынша, бидай емес басқа дәнді дақылдан жасалған нанды  картоппен салыстыруға болмайды.

"Мұндай өнім қауіпсіз, әсіресе негізгі шикізат, мысалы, қарақұмық болса тіпті пайдалы. Оны зиянды өнім деп санауға болмайды", – дейді Светлана Горяинова.

Нан ба әлде картоп?

Жалпы, дәрігердің айтуынша картоп та, нан да (дәстүрлі) гликемиялық көрсеткіш бойынша баламалы, екі өнімді де глюкозаға теңестіруге болады. Олардың негізгі зияны ағзада тұтынғаннан кейін қандағы глюкозаның деңгейі күрт көтеріледі. Бірақ сонымен бірге көкөніс ретінде картоп микроэлементтер мен витаминдерге бай. Ал нанның (бидай, қара бидай, зауыт ұны) іс жүзінде ешқандай пайдасы жоқ.

Т. Раушанұлы