Тек термометр емес: әр үйде қандай медициналық құрылғылар болуы керек

Тек термометр емес: әр үйде қандай медициналық құрылғылар болуы керек
Фото: biletik.aero

Бүгінгі таңда дәріханалар мен медициналық құрылғылар дүкендері қарапайым және техникалық жағынан күрделі құрылғылар мен медициналық өнімдердің кең таңдауын ұсынады.

Біз «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген нақыл сөзді ұстанбаймыз. Ауруымыз асқынғанша дәрінің де, дәрігердің де көмегіне жүгінбейміз. Әрбіріміздің үйімізде медициналық қобдиша,  ағзамыздың саулығын өлшейтін құрылғылардың болуын ескермейміз.

Осы орайда дәрігер Валентина Байдина медициналық қобдишада қандай құрылғылар болу керек екенін айтты.

Термометр: сынапты, электронды немесе т.б

Денсаулықтың негізгі көрсеткіштерінің бірі – дене температурасы. Оның көтерілуі немесе түсуі патологиялық процесті көрсетуі мүмкін. Температураның жоғарылауы көбінесе инфекциялық процесті көрсетеді, ал төмендеуі созылмалы аурудың өршуін көрсетуі мүмкін. Денсаулыққа не зиян екенін түсінудің ең оңай жолы – температураны өлшеу.

Тонометр: қысымды бақылауда ұстаңыз

Тонометр – қан қысымн өлшеуге арналған құрал. Бұл құрылғы жүрек-тамыр ауруларының ерте кезеңдерінде сигнал бере алады. Мысалы, бас ауруы, жүрек соғуы немесе әлсіздік қан қысымының нормадан төмендеуіне немесе жоғарылауына қарай өзгеруімен түсіндіріледі және уақытында дәрігермен кеңеске баруға септігін тигізеді.

Пульсоксиметр: оттегінің деңгейін білу

Коронавирус пандемиясы кезінде бұл құрылғы өте танымал болды. Өйткені ол тыныс алу жүйесінің ең индикативті екі параметрін – қандағы оттегімен қанығу деңгейін (қанықтыру) және жүрек соғу жиілігін (импульс) өлшеуге арналған. Одан бөлек бұл құрылғы тыныс алу жүйесінің жұмысын бақылауға, болашақ ана мен ұрықтың гипоксия қаупін бағалауға, спорттық жаттығулардың тиімділігін арттыруға, шала туылған нәрестелердің денсаулығын бақылауға және т.б. мүмкіндік береді.

Ауа тазартқыш: аллергиямен ауыратындар үшін маңызды

Бұл құрыылғы аллергиямен ауыратындарға, балалары бар отбасыларға және бронх-өкпе патологиясы, иммунитет тапшылығы бар адамдарға арналған.

Ауаны ылғалдандыру, әсіресе орталық жылыту қосылған кезде, одан аллергендерді, шаң бөлшектерін және тітіркендіргіштерді кетіру мұрынның шырышты қабығын сақтауға, вирустық инфекциялардың қаупін азайтуға, аллергияны жеңілдетуге көмектеседі. Және ЖРВИ кезінде мұрынның тыныс алуын қалыпқа келтіреді.

Таразы: салмақты бақылау

Шартты түрде медициналық ретінде жіктелуі мүмкін тағы бір құрылғы –таразы. Олар дене салмағын бақылау үшін қажет. Салмақ балалардан бастап қарттарға дейін маңызды. Сондықтан үйдегі әдеттегі таразыларды пайдаланып салмағыңызды үнемі бақылап отыру керек. Бірақ нәтиже дәл болу үшін аптасына бір рет, сол күні өлшеніп тұруды ережеге айналдырыңыз. Мұны таңертең, таңғы ас алдында жасаңыз.

Т. Раушанұлы