Күн сайын бір стақан қызылша шырынын ішкенде ағзада қандай өзгерістер болады?

Күн сайын бір стақан қызылша шырынын ішкенде ағзада қандай өзгерістер болады?
Фото: gastronom

Көкөніс шырындары салауатты өмір салтын ұстанушылар арасында танымал. Таңғы асқа көкөніс шырынын ішу пайдалы. Ол ағзаны тазартады, артық аслмақтан арылуға септігі зор.  Сондай күзгі көкөністердің бірі – қызылша.

Қызылша шырыны, қызанақ немесе қияр шырыны сияқты танымал емес. Көбісі қызылшаның өзі сияқты оның сусыны да ішті өткізеді деп қорқады, негізінен бұл өнімнің пайдалы екенін білмейді.

Гастроэнтеролог Вера Самсонова күнделікті бір стақан қызылша шырынын ішкенде ағзада қандай өзгерістер болатынын айтып берді.

Шырын пайдалы, бірақ бәріне бірдей емес

Бірден айта кететін нәрсе қызылша шырыны құрамында көптеген белсенді компоненттер бар, соның ішінде іш жүргізетін әсері зор. Шырын жаңа піскен қызылшадан алынғандықтан, оның құрамында асқазанның шырышты қабығына тітіркендіргіш әсер ететін жеміс қышқылдары – қымыздық, лимон және алма көп мөлшерде болады.

Сондықтан қызылша шырынын мына жағдайларда ішуге болмайды:

• Асқазан аурулары бар ересектер мен балалар;

• Құм немесе бүйрек тастары болған кезде, белсенді қышқылдар тастардың өсуіне ықпал етеді;

• Бүйрек жеткіліксіздігі болған кезде, иондар мен қышқылдардың көп мөлшері бүйректі белсендірек жұмыс істеуге мәжбүр етеді;

• Ішектің қабыну ауруларында, өйткені процестің шиеленісуі және өте жағымсыз белгілердің даму қаупі жоғары;

• Созылмалы диареяның кезінде;

• Өнімде қанттың көп болуына байланысты 1 типті қант диабеті бар адамдар қызылша шырынын қолданғанда өте сақ болуы керек.

• Ревматоидты артритпен ауыратын адамдар.

Ішектер кенеттен әрекет етуі мүмкін

Басқалар қызылша шырынын іше алады, бірақ тұтыну мөлшерін бірте-бірте стақанның төрттен біріне бастап жартысына дейін, содан кейін толық бір стақанға арттыру маңызды. Бұл өнімге және оның компоненттеріне жеке реакцияларды бақылау үшін керек. Қызылша іш жүргізетін әсерімен танымал болғандықтан, қызылша шырынын аш қарынға және таңертең тұтыну бірнеше сағаттан кейін диареяны қоздырады.

Қызылшаның өзімен салыстырғанда шырынның құрамында талшық өте аз болса да, шырынның құрамындағы органикалық қышқылдар мен белсенді қосылыстар ішекке өттің күрт бөлінуін арттырады. Бұл диареяны тудырады. Тамақтанғаннан кейін жоғарыдағыдай әдіспен ішіп, ағзаны бақылауға болады.

Гипертонияға пайдалы

Жоғарыда айтқанымыздай, қызылша құрамында табиғи гипотензивті компоненттер – азот қосылыстары бар, олар ағзада азот оксидіне айналады. Ол қан тамырда биологиялық белсенді әрекетімен белгілі. Әрине, әсерді қысымға арналған препараттармен салыстыру мүмкін емес, бірақ гипертониялық науқастардың денсаулығын осы өніммен толықтыруға әбден болады.

Шыдамдылықты арттырады

Жаңа піскен қызылшадан алынған шырын қан тамырларына әсер етіп, қан айналымын жақсарту арқылы төзімділік деңгейін арттыруға көмектеседі. Бұлшықеттер қан мен оттегіні көбірек алады, бұл сізге тиімдірек жаттығуға көмектеседі. Ағылшын ғалымдарының айтуынша, төзімділіктің жоғарылауы 16% жетуі мүмкін.

Анемияны болдырмайды

Темір тапшылығы анемиясы бар адамдар үшін қызылша шырыны темір тапшылығын арттыруға көмектеседі.

Теріні қорғайды

Антиоксиданттардың, қабынуға қарсы ингредиенттер мен С дәруменінің жоғары мөлшері теріні сау ұстауға көмектеседі. Қызылша шырынының безеумен күресуге, теріні ағартуға, түсі біркелкі етуге септігі зор. Көбінесе қызылша шырыны нәрлендіретін бет маскаларының бөлігі ретінде қолданылады.

Токсиндерді жоюға көмектеседі

Қызылшадағы пектиндер ішекте пайда болған улы зат алмасу өнімдерін жоюға көмектеседі.

Т. Раушанұлы