Кез келген жағдайдан шыға алатын 3 жұлдыз белгісі

Кез келген жағдайдан шыға алатын 3 жұлдыз белгісі
Фото: create.vista.com

Өмірде кез келген адам қиыншылықтар мен кедергілерге жолығады. Әр адам оны әртүрлі қабылдап, өздігінше әрекет етеді.  Кей жұлдыз белгісінің өкілдері кез келген өмірлік кедергілерді басқаларға қарағанда оңайырақ жеңе алады.

Арыстан
Жігерлі және көреген зодиак белгісінің бірі. Арыстандар өздерінің дұрыстығына толық сенімді, сондықтан олардың шешімдері ешкімге тәуелді емес. Өзіңізге деген мұндай сенімділік кез келген жағдайда жеңіске жетуге көмектеседі. Егер көңіліңіз қалып, жабырқаңқы күйге түссеңіз, өз қабілетіңізге күмәнданбауға кеңес береміз. Себебі егер сіз табандылық танытсаңыз және күш-жігеріңізді аямасаңыз, қол жеткізген нәтижеңізге таңғаласыз.

Сарышаян
Талапкер және табанды Сарышаяндарға ештеңе кедергі бола алмайды. Бұл белгі өкілдері мәселе шешілмейінше алға қарай қозғалуды тоқтатпайды. Кез келген жағдайдан шығуға олардың жақсы дамыған интуициясы да көмектеседі. Қажет болса, олар айлакерлік пен кекшілдікті де қолданады. Алайда айналаңыздағы адамдарды жоғалтқыңыз келмесе, қулық асыруға жүгінбеуге кеңес береміз.

Тоқты
Бұл зодиак белгілерінің өкілдері кедергілерден қорықпайды. Кекшілдік пен тапқырлық Тоқтыларға жат нәрсе. Олар барлық мәселелерді шыдамдылықпен және табандылықпен шешуге тырысады. Тоқтылар барлығын өз беттерімен жасайды және ешкімге сене бермейді. Ал біз сізге басқалардан көмек сұраудан ұялмауға кеңес бергіміз келеді. 

А. Жапатова