- Негізгі бет
- Жаднама
- Көп тіл білудің...
Көп тіл білудің 4 артықшылығы
Полиглот болғанның шетелдіктермен еркін сөйлесіп, байланыс орнатудан да маңызды артықшылығы бар.
Өзін алдауға жол бермейді
Билингвистерге қандай да бір ұғымның қарама-қайшы қасиеті әсер ете алмайды. Мысалы Струпп тестінен жылдам, мүдірмей өту оларға ештеңе емес. Мұнда рет бойынша бірінші сөзден бастап әрбір сөз қандай түспен жазылғанын дауыстап айтып шығу керек. Бұл тест миға келетін инстинктке назар аудармай, когнитив жүйеге мұқият болуды қажет етеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Деменцияға төтеп бере алады
Зерттеулерге сүйенсек, мультилингвистердің егде жаста да ой-санасы жүйелі болады. Дегенмен, миы белсенді жұмыс істейтін кез келген адам деменцияға төтеп бере алады. Көп тіл білген адам деменциядан бөлек Альцгеймер ауруына шалдығуы неғайбыл. Билингвист адам Альцгеймерге душар болғанның өзінде ауру когнитив функцияға қатты әсер ете алмайды.
Когнитив икемі бар
Зерттеушілер анықтаған тағы бір артықшылық – когнитив икем. Бірнеше тіл білген адам қандай да бір ситуацияда бірнеше көзқарас пен перспективаға икемделе алады. Бұл оны күрделі мәселелерде жылдам шешім қабылдауына ықпал етеді.
Жаңа нәрсені оңай меңгереді
Полиглоттардың миындағы зейін функциясы өте жақсы дамыған. Соның арқасында олар жаңа ақпаратты, дағдыны оңай меңгереді. Мысалы Вашингтон университеті мамандарының тәжірибесіне сүйенсек, жаңа тіл меңгеруге қабілетті немесе билингвистер Python программалау тілін өзгелерге қарағанда жылдам үйренген.