Программиске керек ең маңызды дағды қандай?

Программиске керек ең маңызды дағды қандай?
Фото: elements.envato.com

Программистерге керек ең маңызды дағды математикалық икем емес, жаңа тілді меңгеру қабілеті екен. Мұндай тұжырым Вашингтон университетінің Nature‘s Scientific Reports журналында жарияланған зерттеуінде жазылған.

Зерттеуге бұған дейін код жазып көрмеген, одан хабары жоқ 42 адам қатысқан. Тәжірибеге кіріспес бұрын қатысушылар есте сақтау қабілетін, логиканы, математикалық икемді, зейінді тексеретін тесттен өткен және қанша тіл білетіні анықталып, жаңа тілді меңгеру қабілеті тексерілген.

Тәжірибеде қатысушылар Python программалау тілінің 45 минуттық 10 сабағын меңгерген. Әр сабақ соңында тесттен өтіп отырған. Ғалымдар әрқайсының үйрену жылдамдығын бақылаған. Тәжірибе соңында қатысушылар "Cу-ли-фа" ойынының кодын жазып шыққан.

Зерттеу қорытындысына сай, Python программалау тілін жаңа тіл (этника тілі) меңгеруге қабілетті адамдар жылдамырақ үйренген. Cондай-ақ логикасы мен есте сақтау қабілеті жақсы дамыған қатысушылар да жақсы нәтиже көрсеткен. Ал математиканы жақсы білу программалауға айтарлықтай әсер етпеген.

"Көп пікірге сүйенсек, программист болу үшін математикалық машық керек. Бірақ біздің тәжірибе мұны теріске шығарды", - дейді зерттеудің жетекші авторы Шантел Прат.

Massaget.kz