Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Киімге түскен коронавирусты жою жолдары

Киімге түскен коронавирусты жою жолдары

Киімге түскен коронавирусты жою жолдары

Киімге түскен, жүрген SARS-CoV-2 коронавирус инфекциясын жуып шаю үшін кір жуатын машинаны арнайы режімге қосу керек. Мұны Ресей ғалымдары айтып отыр, деп хабарлайды Lenta.ru.

Новосібір мемлекеттік университетінің биотехнология және вирусология зертханасының жетекшісі Сергей Нетесовтің айтуынша, SARS-CoV пен SARS-CoV-2 коронавирустары бір-біріне туысқан вирустар, демек оларды жою жолдары да бір.

- Екі вирустың геномындағы айырмашылық 20% ғана, вирустың құрылымы мен бөлшектері, ақуыз жиынтығы ортақ. Оларды өлтіру үшін ыстық температурамен бірге кір кетіруге арналған арнайы жуғыш заттар керек. Ондай заттар кез келген кір жуғыш ұнтақта болады. Сондықтан киімді жарты сағат бойы 60 градус ыстық жумен жуса, коронавирусты жоюға болады. Жалпы SARS-CoV-2 инфекциясы ыстық температураны көтере алмайды , - дейді Сергей Нетесов.

Ал дизайнер мамандардың айтуынша, 60 градус ыстық температураны табиғи тері мен мақтадан, зығырдан тігілген киімдер ғана көтере алады. Бұдан басқа материалдан тігілген киімдерді біраз жылы сумен жуып, кейін ыстық бумен ыстаса болады.

Киімдегі коронавирусты жоюдың тағы бір жолы бар: ол – кір киімді 2-3 апта бойы пакетке салып, қол тимейтін жерге қойып тастау. Ауада жүрген коронавирус 2 аптадан кейін өлетіні белгілі. Бастысы осы уақыт ішінде адам ағзасына түсіп кетпеуі тиіс.

Бұған дейін қытай ғалымдары коронавирустың күн ыстықта шыдай алмай, тез өлетінін, ал 4 градус жылы температурада жылдам тарап, 2 апта бойы өлмейтінін айтқан еді. 70 градус ыстықта бес-ақ минут өмір сүреді екен. Яғни, күн ысыған сайын, вирусқа да өмір сүру қиын болмақ.

Ал АҚШ пен швед ғалымдары коронавирустың суық әрі ылғалды ауада тез тарайтынын айтады. Құрғақ ауада жылдам тарай қоймайтынын байқаған.

Коронавирусты қолдан шаюдың ең тиімді жолы - қолды сабынмен көпіртіп жуу

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қымбат Слямбеков
Фото: yandex.kz
Қосылған күні: 03 сәуір, 12:59

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->