Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Сабын vs антисептик

Сабын vs антисептик

Сабын vs антисептик

Әзірше коронавирустан қорғайтын вакцина жоқ, сондықтан вирустан қорғанудың ең дұрыс жолы – гигиена.

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарға қолды жиі жуу қажеттігін, тазалықтың коронавирустан қорғанудың басты амалы екенін айтуда. Қоғамдық орын мен қоғамдық көліктен шықтыңыз ба әлде ақшаға қолыңыз тиді ме – бәрібір, қолды жуыңыз.

Қолды жуып жүру керегін түсіндік, енді қолды немен жуған жөн? Сабынмен жуған ба әлде антисептик себе салған дұрыс па?

Қолды немен тазартқан жөн?

Дәріханаға барсаңыз, антисептик атаулының түр-түрі бар. Фармацевтикалық компаниялар да антисептик өндірісіне кәдімгідей кірісіп кеткендей. Алайда ғалымдардың айтуынша, антисептикке қарағанда кір сабын мен жылы судың пайдасы көбірек. АҚШ-тың Денсаулық сақтау министрлігі де антисептикті сабын болмай қалған жағдайда себу керегін айтады.

Коронавирусты қолдан кетіретін – сабын

SARS-CoV-2 – біртізбекті РНК-құрамдас вирус. Рибонуклеинді қышқылдың сыртын ақуыз қабат қаптап тұрады. Капсид деп аталатын бұл қабықша екі липид қабатынан тұрады: май және майға ұқсас заттар. Осы липидтен тәжге ұқсас ақуыз өсіндісі бөлек шығып тұрады.

Ал сабын коронавирустың липид қабықшасын бұзып, суда ерітіп жібереді. Тіпті қолға жабысып қалған бөлшектердің өзін сабынның көпіршігі оңай кетіреді.

Қолды қалай жуған дұрыс?

Су қаншалықты жылы болса, соншалықты жақсы. Жай сабынның өзі қол жууға жарай береді. Ең бастысы қолды сабынмен көпіртіп жуу керек. Вирус көпіршікпен бірге жуылып кетеді.

Коронавирустың ыдырауы үшін біраз уақыт керек. Яғни, қолды көпіртіп 20 секундтай жуу қажет. Сонда ғана сабынның вирусты ыдыратуға уақыты болады. Алақанның асты-үстін, саусақтың ортасы мен білекке дейін жуған дұрыс.

Су да, сабын да жоқ болса...

Мұндай жағдайда мамандар этанолы бар қарапайым спиртпен қол сүрткенді жөн санайды. Спирт SARS-CoV-2 инфекциясын 30 секундта өлтіреді.

Сондықтан антисептик сепкеннен кейін бірден сүртіп, құрғатып тастаудың қажеті жоқ. Өзі сіңіп, өзі сорғысын.

Ғалымдардың айтуынша, этанол коронавирустың 70 пайызын өлтіріп, дезинфикциялай алады.

Бірақ бір ескере кетер нәрсе бар: антисептик пен спирт қол кір, лас болып тұрған жағдайда жақсы әсер ете алмайды. Мұндайда қолды бірінші сабынмен жуып, кейін спирт пен антисептик сепкен жөн.

Оның үстіне спирт пен антисептикті көп қолдана берген дұрыс емес. Өйткені қолдың терісін тітіркендіріп, аллергия тудыруы мүмкін.

Егер қолда антисептик болмаса, спирт шыланған сулықпен қол сүртуге болады.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қымбат Слямбеков
Фото: yandex.kz
Қосылған күні: 02 сәуір, 13:01

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->