Гүл шоғы солып қалмауына көмектесетін амалдар

Гүл шоғы солып қалмауына көмектесетін амалдар
Фото: prelest.com/

Сыйлыққа гүл алуды жақсы көрмейтін келіншек кем де кем. Алайда тамырынан кесіп алғаннан кейін ғұмыры да қысқара түсетін бұл хош иісті сұлу жаратылыстың ләззат сыйлау мерзімі ұзағырақ болуы үшін  не істеу керек?

Марганцовка ерітіндісі
Марганцовка антисептик, дезодоратор қасиеттеріне ие. Гүл сауытындағы суға сәл ғана марганцовка қоссаңыз, микробтар мен бактерияларды өлтіріп, гүліңіздің ғұмырын ұзарта түседі. Тек судың ашық алқызыл түсті болуына мән беріңіз, 5 л суға 1 г кристалл жеткілікті. Сонымен қатар гүлді суға салмай тұрып марганцовка толығымен ерігеніне көз жеткізіңіз. Әйтпесе адам секілді гүлдер де күйіп қалуы мүмкін. Зарарсыздандыру мерзімі 3-4 күнге жетеді.

Белсендірілген көмір (активированный уголь)
Ол судағы артық микроэлементтерді жояды, соның арқасында су біраз уақыт таза болып тұрады. Бір құты суға бір таблетка белсендірілген көмір жеткілікті.

Сіркесуы
Сіркесуы да микробтар мен бактериялардың көзін құрта алады. 1 л суға жарты шай қасық сіркесуын құйсаңыз, гүліңіз ұзағырақ өмір сүреді.

Қант
Гүл салынған суға қант салуды көбіміз білеміз. Алайда оның да өз қағидалары бар екен. Қант құрамындағы глюкоза өсімдікке нәр береді. 1 л суға 20-30 г қант қосылады. Алайда судың дәмі тәтті бола түскеннен кейін, онда бактериялар да көбейетінін естен шығармаған абзал. Сондықтан бұл суды кем дегенде күніне бір рет ауыстырып отыру қажет.

Лимон шырыны
Лимонның сығындысында да зарарсыздандыратын қасиет бар, ол судағы зиянды бактериялармен күреседі. Оның үстіне қышқыл судағы ызғарды азайтады. Лимонды сығып, 1 л суға 2-3 тамшы тамызсаңыз болады.

Аспирин
Ацетилсалицил қышқылы құрамында интерферон заты бар, ол тамырынан кесілген өсімдіктің өмірін ұзартады. Қоректік заттармен қамтамасыз етіп, ылғалдандырады. 1 л суға 1 таблетка аспирин саласыз.

Ал сіз гүл шоғының ғұмырын ұзартуға қандай тәсіл қолданасыз?

@. @assel_assanova