Cashback туралы нені білу қажет?

Cashback туралы нені білу қажет?

Сashback дегеніміз не және оның жеңілдіктердің басқа түрінен қандай айырмашылығы бар?

Cashback – бұл клиент төлем картасының қосымша, бірақ маңызды функциясы. Клиент картамен төлем жасағанда оның шотына саудаға жұмсалған ақшаның бір бөлігі қайтарылады. Клиент бонустар, болашақта жеңілдіктер алу мүмкіндігі немесе жалған бірліктер емес, АТФБанктің #1 вертикалды картасының көмегімен жүргізетін транзакциялары үшін шотына тікелей қайтарылатын нақты ақшаны алады. Осылайша, айына 15 000 теңгеге дейін АТФБанктің #1 вертикалды картасы арқылы cashback алуға болады.

Неліктен банк клиенттерге cashback ұсынады және оның банк үшін қандай пайдасы бар?

Сashback – тәжірибелі қаржы ұйымдары бейілдікті арттыру мақсатында жиі қолданатын тиімді маркетингтік әдіс. Сashback жүйесін енгізудегі негізгі мақсат – клиентті алдағы уақытта жасайтын саудасы үшін #1 вертикалды картаны пайдалануға ынталандыру. Сashback есептеу банк пен сатушылардың арасындағы өзара айырбас комиссиясын ұстауға және алуға негізделген. Мысалы, клиент белгілі бір дүкенде #1 картамен төлем жасаған уақытта, осы дүкенге POS-терминал қойған банк АТФБанкке комиссия – интерчейндж төлейді. Сashback осы интерчейндждің аясында қалыптасады.

Ең жоғары сashback алу үшін қандай талаптарды орындау керек?

АТФБанктің #1 вертикалды картасы 1,5 пайыз базалық cashback-тен тұрады. Қалдық сомасы кемінде 500 000 теңгелік депозит ашып, оны ай сайын сақтап отырса, клиент тағы 1,5 пайызға қол жеткізе алады. Үшінші жағдай – тұтас өткен айдың ішінде клиенттің карточкалық шотындағы орташа айлық қалдық кемінде 400 000 теңгені құраса, cashback-ке тағы 1,5 пайыз қосылатын болады. Осы талаптар сақталған жағдайда, жиынтық cashback 4,5 пайызға жетеді. Мәртебелі банктік қызмет құқығын беретін Mastercard Black Edition топтамасын ашу кезінде тағы 0,5 пайыз есептелетін болады.

Сонымен, қолма-қол ақшадан бас тартып, қолайлы #1 вертикалды картаны таңдау арқылы клиент тек жақсы сервис пен барынша жедел орындалатын банктік операцияларға қол жеткізіп қоймай, әр жасаған саудасынан 5 пайызға дейінгі мөлшерді өзінің шотына қайтара алады.

Ең жоғары cashback-ке қол жеткізгіңіз келсе, #1 вертикалды картасымен қандай операциялар жасамау керек?

Cashback төмендегідей транзакцияларға қатысты қолданылмайды:
• ойын бизнесі мен тотализаторлардағы операциялар;
• лотерея билеттері мен облигациялар сатып алу;
• мемлекеттік, телекоммуникациялық, көлік және коммуналдық қызметтер, айыппұлдар мен шоттар үшін төлем.

Қандай операциялар қолма-қол ақшасыз операциялар тізіміне кірмейді және олар үшін cashback берілмейді?

• тауар немесе қызмет кері қайтарылған операциялар;
• банк ішіндегі және банктен тыс жасалған ақша аударымдары;
• банкомат арқылы, интернет-банкинг және мобильді банкингтің көмегімен электронды әмияндарды толықтыру, тауарлар немесе қызметтер жеткізушілерінің қызметтері үшін төлем жасау.

Cashback есептелмейтін санаттардың толық тізімімен банк сайтынан танысуға болады. Сондай-ақ картаға банктің сайтынан тапсырыс беруге болады.

Серіктес материалы

Massaget.kz