Саяхатшылар ұсынатын кеңестер

Көшпелі өмір ережесінің қарапайым тұрмыстық жағдайдан үлкен айырмашылығы бар секілді көрінеді. Алайда, тереңіне үңілсек, көп уақытын үйден алыс өткізетін саяхатшылардан үйренер маңызды дүниелер бар.

Өз-өзіңізбен қалудан қорықпаңыз

Тәжірибелі саяхатшылардың айтуынша, жалғыз қалмайынша, өзіңізді шын тану қиынға түседі. Олармен психологтар да келіседі. Айналадағы шу басылғанда ғана өзіңізді тыңдауға болады. Біз сізді барлығын тастап, елсіз аралға кетуге шақырмаймыз. Күнделікті бірнеше минут медитация жасау жеткілікті.

Айналадағының барлығын суретке түсіре беруді доғарыңыз

Сіз көрген ең әдемі көріністер Инстаграмда "өмір сүрмейді", олар есіңізде сақталады. Сондықтан өзіңізді барлық қоршаған құбылысты тамашалау және сезіну мүмкіндігінен айырмаңыз. Смартфон экранына үңілемін деп, барлық маңызды нәрселерді жіберіп аласыз.

Айналадағы адамдар сізге жамандық тілемейді

Әрине, мұқият болған жөн, бірақ өте күмәнді болудың да қажеті жоқ. Егер адамдарға үнемі күмәнмен қарасаңыз, жаңа таныс, жаңа әсер және жаңа тәжірибе алу мүмкіндігінен айырылуыңыз мүмкін.

Өмірде жағымсыздықтар да орын алуы тиіс

Жағымсыз тәжірибе – ең мықты тәжірибе. Одан қашып құтылу мүмкін емес.

Үйреншікті ортаны өзгерту өмірді толыққанды ете түседі

Егер жақсылап ойлансаңыз, "қазіргі сәтпен" өмір сүрген кезеңдер ғана ойға оралады. Олар әдетте саяхаттаумен және жаңа әсерлермен байланысты болады. Солар бізді күнделікті қайталанатын істерден алшақтатып, жүрегіміздің соғысын естуге мүмкіндік береді.

Барлық нәрсені жоспарлауға тырыспаңыз

Тіпті, ең мұқият ойластырылған саяхаттау немесе күнделікті істер жоспары түбегейлі өзгеріске ұшырауы мүмкін. Ол қалыпты жағдай. Әрине, бұл жоспарлаудан толықтай бас тартып, тек тағдырға сүйену керек деген сөз емес. Бастысы, орын алған өзгерістен апат көруді доғарыңыз.

Әлемнің әр бұрышындағы адамға керегі бір нәрсе,  ол  бақыт.

Егер сіз бен бастығыңызда (кездейсоқ жолаушы, көрші және т.б) ортақ ештеңе жоқ деп ойласаңыз, қателесесіз. Сіз және сізді қоршаған адамдар бір нәрсені армандайды.

Сізге көп нәрсенің қажеті жоқ

Жол жүру барысында макияждан, шаш үлгісінен және биік өкшелі туфлиден бас тарту оңай. Сол секілді артық жүктен және артық сезімнен арылу да жеңіл. Ұзақ сапарға жолға шығу арқылы ғана сізге негізінде өте аз зат қажет екендігін түсінесіз.

Күлкі – көптеген есіктің кілті

Егер басқа елдің тілін білмесеңіз – күлімдеңіз, егер әріптестеріңізбен тіл табыса алмасаңыз – күлімдеңіз. Ақ пейілділік пен шынайы күлімсіреу көптеген қиын жағдайлардың шешімін табуға көмектеседі.

Бөлісу: