Неше ағылшын сөзін білесіз?

Неше ағылшын сөзін білесіз?
Фото: rb.ru

Ағылшын тілін үйрену үшін сөздік қордың (Vocabulary) мол болғаны дұрыс. Сөздерді мейлінше түрлендіруге, грамматика мен тыңдау, сөйлеу қабілеттерін дамытуға көп сөз білудің әсері мол. 

Оксфорд Университеті ағылшын тілінің түрлі қолданыстағы нұсқаларын жинап, ең жиі кездесетін 400 сөзді жинағаны көпке мәлім. Зерттеуде әдеби шығармалар, баспасөз беттері, желідегі чаттар, электронды хаттар, блогтардағы жазбалар да қамтылған. Алдымен осы сөздерді меңгеру арқылы сөздік қорыңызды байытып отырсаңыз, ағылшын тілін тез үйреніп, түсініп кете аласыз.

Зерттеу нәтижесі бойынша ағылшын тіліндегі ең көп қолданылатын 100 сөз ағылшынша мәтіндердің 50 пайызында қолданылады екен (бұған әдеби шығармалар және салалық мақалалар кірмейді, әлбетте).

Егер бұл танымал 100 сөзге, жиі қолданылатын 100 зат есімді, 100 етістік пен 100 сын есімді қосатын болсақ, ағылшынша мәтіннің 75 пайызын түсінесіз. Кейін сөздік қорыңызға жаңа сөздер қосып, байытып отырасыз.

Практикалық кеңестер:

– 400 сөздің бәрін жаттауға тырыспаңыз. Оларды мәтін жазған кезде немесе сөйлеген кезде қолдануға тырысыңыз;
– бұл арқылы ойыңызды дұрыс және тез жеткізуге машықтанатын боласыз;
– тіл білу – сөздік қорының байлығы арқылы өлшенбейді. Ойды дұрыс жеткізу және дұрыс сөздерді қолдану арқылы анықталады;
– 400 сөзді алдымен өзіңіз аударып көріңіз. Көбісі сізге таныс болар? Қалған сөздерді сөздік қолдану арқылы аударыңыз.

Бұдан өзге өз сөздік қорыңыздың қандай деңгейде екенін білгіңіз келсе, Arealme ұсынған тесттен өтіп көріңіз. 50 сұрақтан тұратын тестте сөздердің синонимі мен антонимін анықтау керек. Бір қызығы, нәтижені АҚШ азаматтарының жас мөлшерімен өлшейді. Мысалы, "Сіздің сөздік қорыңыз 15 жасар АҚШ азаматымен бірдей". Тестке сілтеме.

Massaget.kz