Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Жұмысқа қабілеттілікті арттыратын 8 әдіс

Жұмысқа қабілеттілікті арттыратын 8 әдіс

Жұмысқа қабілеттілікті арттыратын 8 әдіс

Жұмыста әлі атқаратын іс көп, бірақ оларды орындайтын күш қалмайтын кездер көпшіліктің басынан өткен болар. Адамның жұмысқа қабілеттілігіне қандай факторлар әсер етеді? Өз қызметіңіздің жалпы өнімділігін арттыруға көмектесетін 8 қарапайым әдісті ұсынамыз.

Кейде ең сүйікті және шығармашылық жұмыстың өзі «жүрмей қалады». Қолыңыздан ештеңе шықпайды немесе күшіңіз жетпейді.

Адамның жұмысқа қабілеттілігін арттыратын және қысқа уақыт аралығында үлкен нәтижелерге жетуге болатын ережелер бар.

1. Мотивация. Нәтижелі жұмыс үшін мотивацияның орны маңызды. Мотивация әрекет етуге итермелейді. Әрекет етуді бастау үшін ғаламдық мақсат тұжырымдау керек. Ол мақсат шынайы, өлшелмелі және қолжетімді болуы керек. Оған жету үшін микро мақсаттарды тұжырымдау керек боласыз. Мақсат үшін және әрбір микро мақсат үшін нақты уақыт (дедлайн) қойыңыз.

2. Ынталандыру. Қызметкердің жұмысқа қабілеттілігін арттыруда ынталандыру да маңызды рөл атқарады. Көп жағдайда ол бонус беру, жалақы арттыру және мансап баспалдағы бойынша өсу ретінде көрсетіледі.

3. Толыққанды ұйқы. Тиімді жұмыс үшін демалып, ұйқыны қандыру керек. 7-8 сағаттық толыққанды ұйқы – жоғары жұмысқа қабілеттілік кепілі. Режим жасап, шамамен сағат 22:00 немесе 23:00-де ұйықтап кету керек.

4. Гаджеттерден аулақ болу. Түрлі гаджеттер мен интернет көп уақытты алады. Ұялы телефондағы, планшеттегі және компьютердегі хабарламаны өшіріп қойыңыз.

5. Кабинетті желдету. Адамның өнімділігі мидың оттекпен қанығуына тікелей байланысты. Жұмыс орнындағы таза ауа жұмысқа қабілеттіліктің қосымша қорын алуға көмектеседі.

6. Үйден жұмысқа дейінгі жол. Үйден жұмысқа дейінгі жол 1 сағаттан көп уақытты алса, қажытып жібереді. Жұмыс пен үйдің арасы 1 сағаттан аз уақытты алғаны жөн. Егер үйден жұмысқа дейін жаяу 20-40 минут уақытты алатын жер болса, тіпті жақсы болады. Мұндай серуен жұмыс алдындағы керемет сергектік қуат болып табылады.

7. Уайымдамау. Мазасыздану – өнімділіктің жауы, сондықтан әлемге және проблемаларға жай қарап үйрену керек. Релаксация әдістерін меңгерген жөн. Мысалы, медитация жасау.

8. Көп мәселелікке жоқ деңіз. Жұмысқа қабілеттілікке әсер ететін фактор – көп мәселеліктің жоқтығы. Көп мәселелік жұмыс сапасын төмендетеді, бір іске толықтай мән беруге мүмкіндік болмайды. Сондықтан жұмыс мөлшерін шамаңызға қарап алыңыз.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 18 сәуір 2018, 18:09

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.