Біз кеш түсінетін жетістіктің 12 сабағы

Біз кеш түсінетін жетістіктің 12 сабағы
Фото: businessviews.com.ua

Қоғамның бір бөлшегі ретінде өмір сүреміз. Анығында бәріне себепкер қоғам емес. Себебі қоғамнды жасаушы адамдар. Ендеше қателік кетсе, сәтсіздік орын алса оған кінәлі қоғам емес, адамның өзі. Сондықтан біз кешігіп қалатын кейбір сабақтарда өмір тәжірибесі сөз болады. Біз оны аңғармай қаламыз.

1. Үнемі құлазыған көңіл күймен жүру үшін өмір тым қысқа

Егер әр дүйсенбі таңда тұрған кезде жұмысқа баруға көңілің тартпаса, жұманы асыға күтіп, сенбіге әрең жетуді аңсап жүрсең, құлазыған көңіл күймен күн кешіп жатқан болсаң өзгеріс жасаған дұрыс.

2. Қарым-қатынас бәрін шешеді

Адамдармен қарым-қатынас орнату арқылы жетістікке жетуге болады. Жаңа адамдармен  сөйлесу, олардан ақыл сұрау нағыз ерлік. Себебі сұрамағанға балаға дайын ас жоқ.

3. Денсаулық – зор байлық

Жұмыс және тіршілік жалғаса береді. Сен сол жалғасып жатқан дүниенің ішінен өзіңе уақыт табуың керек. Ол уақыт: ұйқыға, спортпен айналысуға, тауға шығуға, серуендеуге кетуі керек. Себебі денсаулық ең маңызды құндылық.

4. Жаңашылдыққа ұмтыл

Ескіліктің қамытын шешіп, жаңа дүниеге талпын. Жаңаны үйренуге, содан нәтиже шығарып, бұрын білмегеніңді дамытуға тырыс. Жаңалық әрдайым жаршы.

5. Даму үстінде бол

Бір жерде тұрып қалуға болмайды. Даму үстіне жүр. Өзіңді жетілдір.

6. Жетістік – дамылсыз жұмыстың жемісі

Жетістікке жету үшін бір сәт болсын дамыл таппау керек. Бұл дегеніміз үйренуге асығу, жатпай-тұрмай мақсат жолынан, үдесінен шығуға жұмыс жасау. Себебі кейін жемісін жейтін күн туады.

7. Мақсатқа бірге жет

«Мақсатқа тез жеткің келсе жалғыз жүр, алысқа жетің келсе көппен жүр» деген сөз бар. Ендеше мақсатқа ғана емес жетістіктің биік шыңына шығу үшін команда құра біліңіз және солармен бірге жүріңіз.

8. Сабыр сақтау керек

Кез келген жағдайда сабыр сақтау керек. Ашуға берілмеңіз. Ашу – дұшпан, ақыл – дос дегенді ұмытпаңыз.

9. Сәтсіздік – уақытша нәрсе

Жеңілдім, сәтсіздікке ұшырадым деп тон отқа жақпаңыз. Себебі әрбір жеңілістің артында жеңістің дәмі бар. Тек сабақ алып, алға қозғалуды жалғастырыңыз.

10. Ақымақтық сіздің бақытыңызға кедергі болмауы керек

Қателікке ұрынып, немесе ақымақтық жасап келіп тұрған бақтан бас тартып жүрмеңіз.

11. Керемет өмір аймағынан шығыңыз

Адамдар лифтпен жүрсе сіз олардан қалмауым керек деп жүгірмеңіз. Баспалдақпен көтеріліңіз. Өзіңізге тән қасиетпен өмір сүріңіз. Бәрімен бірдей ойлауға міндетті емессіз.

12. Шынай өмірге қайтып кел

Әлеуметтік желідегі өмірдің бәрі жасанды. Ол жерден шығып, шынайы өмірге қайта келіңіз. Адамдармен араласу керектігін, сөйлесу керектігін ұмытпаңыз.

М. Ақан