Имидж қалыптастырудың маңызы қандай?

Имидж қалыптастырудың маңызы қандай?
Фото: avdeevstyle.com

Кез келген адамның белгілі бір имиджі болады. Имидж сөзінің өзі ағылшын тілінің «image» сөзінен шыққан. Оның мағынасы белгілі бір тұлғаның болмысын көрсететін бейнесі. Нақтырақ айтқан кезде сыртқа ортаның сіз туралы жинақталған ойы.

Қоғамда белсенді болу, адамдармен қарым-қатынас орнату. Олармен тығыз байланысты болу үшін имидж қалыптастыру маңызды. Ал оны қалыптастыру үшін не істеу керек?

Алдымен сыртқы имиджді қалыптастырыңыз. Киіміңіз, түр-әлпетіңіз, сыртқы көріністің талабына сай түрлі аксессуарлар пайдалану.

Мимикалық имидж арқылы қарсы беттегі адаммен қалай сөйлесу керектігін аңғарыңыз. Бұл имиджді қалыптастыру үшін күнделікті айнаға қарап жаттығу жасаңыз. Көзіңізге, түріңізге, қолыңызға қараңыз. Олар қалай қозғалады – бәріне мән беріңіз.

Кинетикалық имидж. Бұл – сіздің жүріс және отырыс кезінде өзіңіздің денеңізді ұстау әдісіңіз. Мәселен, бір шынтақтап отыру, шалқадан түсіп жатып алу әдепсіз көрінеді. Әсіресе иықты кең әрі тік ұстаңыз. Бүкірейіп жүрудің өзі адамға әсер етеді.

Бейварбалды имидж. Сіз жақсы сөйлей аласыз ба? Бұл жерде тек дауыс, ырғақ емес, сөздік қорыңыз да маңызды. Сұлу сөйлей білу, адамның тілін табу – үлкен өнер. Ал сұлу сөйлей тұрып паразит сөздерді де көп пайдалансаңыз, одан ешқандай нәтиже шықпайды. Ескеріңіз!

Рухани имидж. Тұлғаның өмірге деген, қоғам деген ойы, көзқарасы. Бұл жағынан, ең бірінші, білім керек. Білімді игеру арқылы сіз бұл имиджді қалыптастыра аласыз. Сондықтан барынша сауатты болыңыз.

Материалдық имидж. Мұның артында ақша, көлік және үй тұр. Бұл – міндетті емес имидж түрі. Дегенмен, бұл шыңға да жетуге болады. Ол үшін жоғарыда аталған имидждерді қалыптастыру керек. Сол кезде ғана сіздің толыққанды тұлғалық имиджіңіз пайда болады.

М. Ақан