Ұшар алдында жеуге болмайтын азық-түлік

Ұшар алдында жеуге болмайтын азық-түлік

"Ұшақта жасауға болмайды" деген тізім артып келеді. Темекі тартпау, шуламау, қауіпсіздік белдігін ағытпау керектігі жайлы тыйымдарды естіп жүрміз. Енді ғалымдар ұшуыңыз жайлы өтуі үшін оның алдында кей өнімдердерден бас тартуды ұсынып отыр.

Алкоголь

Ол – барлық тыйымдар тізімінің басында тұратын өнім. Ұшар алдында алкоголь ішкен зиян, себебі ол сусыздандыруды шақырады. Ал ұшу кезінде борт ішінде ауа құрғақ, сондықтан ағзаға екі есе ылғал жетіспейді. Жерге түскен кезде мастықтың салдары, әлсіздік және бас ауру күні бойына орын алады. Егер алкоголь ішіп қойған болсаңыз, қарапайым суды көп мөлшерде ішуге тырысыңыз.

Фастфуд

Қыжыл, жүрек айну және тербелу – ұшу кезіндегі жақсы серіктестер емес. Сондықтан, майлы, калориялы және ауыр тағамды жемеуге тырысыңыз. Сонымен қатар, гамбургердегі және картоптағы тұздың көп мөлшері ісінуді шақыруы мүмкін. Ал ол тар креслода отыруға ыңғайсыздық тудырады.

Жасұныққа (клетчатка) бай өнімдер

10 мың метр биіктікте ауа қысымы 30%-ға төмендейді. Сондықтан ұшақ ішінде іштің кебуі, газ және шаншу (құлақтың тығындалуы да осы себептен) жиі болады. Ұшар алдында жасұнық мөлшері көп тағамдарды жемеуге тырысыңыз. Оларға дәнді жармалар, сұлы жармасы, бұршақтар жатады.

Сағыз

Зияны жоқ секілді көрінетін, құлақ тығындалуына көмектесетін бұл өнім қыжыл мен газдың себебі болуы мүмкін. Шайнау кезінде «артық» ауа жұтасыз, ол төмен қысым кезінде одан да көбейеді. Сонымен қоса, сағыз құрамында көп жағдайда сорбит болады, ол да жоғары газ түзеді.

Ащы дәмдеуіштер

Бұл – ащы тағамға сезімтал келетін адамдарға арналған тыйым. Ұшу кезінде тітіркендіргішке деген асқазан реакциясы қатты болып, нәтижесінде қыжыл мен асқазанның бұзылуына әкелуі мүмкін.

Пияз, сарымсақ және басқа да «иісті» өнімдер

Бұл өнімдер сізге ешқандай зиянын тигізбейді, бірақ айналаңыздағы адамдарға жағымсыздық туғызады.

Бұрын дәмін көрмеген кез келген тағам немесе өзіңіз күмәнданған өнім

Мұндай тағамдар нәтижесінде қайта-қайта дәретханаға жүгіруіңіз мүмкін.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

10 тамыз Абай күні болып бекітілді
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін
NASA SpaceX миссиясының суреттері
NASA SpaceX миссиясының суреттері
Daily Mail Джордж Флойдты тұтқындау кезінде түсірілген жаңа видео жариялады
Daily Mail Джордж Флойдты тұтқындау кезінде түсірілген жаңа видео жариялады
Коронавирустан айыққандарға пайдалы 5 кеңес
Коронавирустан айыққандарға пайдалы 5 кеңес
COVID-19 жұқтырған аналар баланы емізуді тоқтатпауы керек - ДДСҰ төрағасы
COVID-19 жұқтырған аналар баланы емізуді тоқтатпауы керек - ДДСҰ төрағасы