Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Ұшақпен ұшуды жайлы етуге көмектесетін кеңестер

Ұшақпен ұшуды жайлы етуге көмектесетін кеңестер

Ұшақпен ұшуды жайлы етуге көмектесетін кеңестер

Ұшақпен ұзақ уақыт ұшу кезінде көптеген келеңсіздіктер туып жатады. Бұл қолайсыздықтарға авиакомпания немесе көп жағдайда өзіміз кінәлі болатынымызды мойындайық. Бүгінгі материалда сондай кедергілерге тап болмас үшін бірнеше кеңес ұсынамыз.

Ұшу алдындағы күйзеліспен күресе біліңіз

Клиника психологы Роб Бордың айтуынша, ұшуға алдын ала дайындалып, күні бұрын күйзелісті баса білу керек. Адамдардың көпшілігі құжаттардың барлығы орнында ма немесе әуежайға жету үшін қанша уақыт кетуі мүмкін деген мәселелерді алдын ала шешпейді екен. Олардың барлығы дәл ұшар алдында тексереді. «Төлқұжатты сканерлеп, электронды поштаңызға сақтап қойыңыз»,– дейді Бор. Әуежайға барарда тууы мүмкін кедергілерді ескеріңіз: кептеліс, ауа райы, жолдағы апат немесе т.б.

Орын таңдаңыз

Сәйкес сайттарды қарап, орынды ақылмен таңдаңыз. Мұндай сайттарда әр ұшаққа және әр авиакомпанияға арналған түсті диаграммалар көрсетіледі. Дәретханаға жақын орналасқандықтан немесе өте жіңішке болғандықтан қандай орындардан бас тартқан жөн екені айтылады. Сарапшылардың айтуынша, ұшақ қанатының жанындағы орындықтар турбеленттілікті төмендетеді. Оның себебі ұшақтың қанаттары ауырлық түсу орталығына жақын орналасқан. Егер орын таңдап үлгермесеңіз, ұшақта адам аз болған жағдайда орын ауысуға мүмкіндік болу-болмауын сұрап алыңыз.

Жеңіл жүкпен ұшыңыз

Ұшу кезінде физикалық көлемнің белсендігін түсіне білген маңызды. Өзіңіз көтере алатын салмақтан артық жүк алсаңыз, саяхаттауда туатын қолайсыздық арта түседі. Сонымен қатар, ауыр жүкті тасу — бұлшықеттердің созылуын арттырады. Ол одан соң қозғалмағандықтан және орындықта қысылып отырудан ұлғая беруі мүмкін.

Джетлагты аштықпен жеңу

Ұшақпен ұзақ ұшуға тағы бір кеңес — аш қарынмен жүру. Ол джетлагпен (басқа жерге, атмосфераға және уақытқа биоритмнің бейімделуі) күресуді жеңілдетеді. Гарвард университеті зерттеушілерінің айтуынша, ұшақпен ұшу алдында 16 сағат бойы аш жүру жаңа уақыт зонасына үйренуге көмектеседі екен.

Абайлап тамақтаныңыз

Сіз әуежайға ерте келдіңіз, джетлагқа дайындалдыңыз және күзеттен жеңіл өттіңіз дейік. Мұндай жағдайда ұшу алдында майлы және қуырылған тағам жемеңіз. Пияз, брокколи, кәді және түсті орамжапырақ секілді қарын ашқызатын көкөністерден бас тартыңыз. Газдалған сусындар және ішімдік ішпеңіз.

Жалғасы бар...

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: iurist.su
Қосылған күні: 21 шілде 2016, 09:16

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.