Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Өзіңді дамытудың 3 қадамы

Өзіңді дамытудың 3 қадамы

Өзіңді дамытудың 3 қадамы

Өздігінен даму – адамның мақсаты мен өмірлік қызығушылығына байланысты жаңа білім алуға, машықтануға деген жеке ынтасы. Адамның өзін дамыту жолында жасау қажет 3 негізгі қадам бар.

1-қадам. Ақпарат жинау

Қай салада болмасын өз бетіңізше жетілгіңіз келсе, мысалы, өз дарыныңызды дамыту, қызығатын салада кәсіби маман болу, айналаңыздағылармен қатынасты жақсарту немесе басынан бастап жаңа зат үйренгіңіз келсе, ең бірінші ақпарат жинау қажет. Қазір ақпарат көздері көп, маңыздысы шынымен пайдалы материал немесе кәсіби жаттықтырушы мен оқытушы табу. Біліміңізді мына жолдармен толықтыруға болады:

- Егер сізді мансапты дамыту қызықтырса, біліктілікті арттыру курстары келеді. Жаңа білім алудан басқа қолыңызда оқығаныңызды растайтын құжат та болады. Ол құжаттың түйіндемеңізде болуы болашақта пайдасы тиюі мүмкін.
- Адамдармен қатынасты немесе өзіңізді түсінуді жақсартқыңыз келсе, психология бойыша кітаптар көмектеседі. Қазір түсінікті тілмен және қызықты жазылған кітаптар көп. Бастысы қандай тақырыпты зерттегіңіз келетінін анық білу.
- Қабілетіңізді арттыру үшін ұстаз тапқан жөн. Тірі адамның, соның ішінде кәсіби маманның энергетикасы өзіңізді дамытуға қосымша ынта береді.
- Егер әуесқойлығыңызды тереңірек үйренгіңіз келсе, оқытатын онлайн-курс табуға болады. Уақытша шығын аз болып, алатын ақпарат көп болады.

2-қадам. Ақпаратты түсіну

Бұл өзіңізді дамыту процесіндегі қызықты әрі нақты емес кезең. Адам жаңа ақпарат алған кезде оны өңдеуге және түсінуге уақыт керек. Бұл кезеңнің қанша уақытқа созылатындығы қызыққан салаға, алынған ақпарат қиындығына және жеке адамның даралығына байланысты.  Бір ақпаратты түсінуге әр адамға әртүрлі уақыт кетеді. Бұл уақытта не болады?

- Адам ойланады, жинақтайды және ақпаратты ойында ретке келтіреді;
- Оған және оның жағдайына пайдасына тиетін шешім қабылдайды;
- Өміріне жаңа білім кіргізетін уақыт таңдайды;
- Өзінің тақырыбына байланысты идеяларды түрлендіреді;
- Әрекет жоспарын ойластырады.

3-қадам. Әрекет ету

Соңғы кезең – адам өзінің күнделікті өміріндегі жаңа түсініктерке негізделе отырып, іске асыратын әрекет. Уақыт өте қабілеттілікке немесе ептілікке айналатын дағды қалыптасады. Алғашқы екі қадамда қалып қоймай, жаңаша әрекет ету керектігін ұмытпаңыз. Өміріңізге жаңа мағлұматты бірден немесе ақырындап кіргізу өз еркіңізде, бастысы оны жасау керек. Бұл кезеңсіз өздігіңізден даму болмайды.

1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: i-egoist.ru
Қосылған күні: 19 желтоқсан 2017, 14:26

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.