Өзіңді дамытуға арналған кітаптар

Өзіңді дамытуға арналған кітаптар
Фото: snob.ru

Кез келген адам қабілетті және интеллектуалды болғысы келеді. Бірақ сол бағытта жұмыс жасағысы келмейді. Себебі жалқаулық желкесін басып тұрады. Ал мұның бәрін жеңу үшін адамға арнайы дәріс немесе жігер керек. Ал ол мотивацияны қайдан алуға болады деген сұраққа біз "кітаптан" деп жауап береміз. Ендеше сіздерге өзін-өзі дамытуға арналған кітаптар тізімін ұсынып отырмыз. 

«Өзіңді ойлауға үйрет: ойлауды дамыту бойынша оқу-құрал» («Научи себя думать: самоучитель по развитию мышления») – Эдвард де Бонго. Бұл кітаптың арқасында сіз өзіңіздің ойлау қабілетіңізді дамыта аласыз. Қарапайым ғана әдіс-тәсілдерден тұратын кітап бес бөлімге бөлінген. 

«Ақылыңды іске қос: кемеңгер бол!» («Разблокируй свой ум: стань гением!») – Станислав Мюллер. Миды түрлі технологиялық әдістер арқылы дамытуға арналған кітап. Бұл туындыны оқу арқылы жас ерекшелігіңізге қарамастан, ақылыңызды іске қоса аласыз. 

«Жад сақтаушы. Сынаққа дайындаламыз» («Карты памяти. Готовимся к экзаменам») – Тони Бьюзен. Жад сақтаушы – бұл өте керемет және қарапайым ақпаратты сақтаушы әдіс. Сіз бұл әдісті үйрену арқылы өмірлік қабілетті ғана емес, есте сақтау қабілетті де дамыта аласыз. 

«Оқуды немесе әдіс-айла жасауды үйреніңіз» («Научитесь учиться или жонглировать» – Тони Бьюзен, Майкл Дж.Гелб. Миды тек оқытып қана қоймай, амал-тәсілді қалай жасау керектігін үйрететін әдіснамалық кітап. Аталған кітап АҚШ-тың ұлттық гвардиясында пайдаланылады.  

М. Ақан