Қыста жүгіретін болсаңыз...

Қыста жүгіретін болсаңыз...

Қыс мезгілінде далада жүгіру оңай емес. Мұз, көктайғақ, күннің суығы секілді ауа райының қолайсыздығы жүгіруге деген құлшынысыңызды төмендетері сөзсіз. Мұндай мезгілде адамдар жүгіруге жабық кешендер мен спорт залдарын таңдайды. Енді біреулер жүгіруді қыста тоқтата да тұрады.

Қыстың суығына қарамай жүгіретіндер жоқ емес, баршылық. Жаяу жүру мен жүгіру - адам ағзасының физикалық жағдайын жақсартатын тиімді құрал. Алайда қазір ауа райының салқындығын сылтау етіп жүгіру мен жүруге ерінетініміз де рас. Күн жылығанын күтіп жүргенімізбен денсаулық сізді күтпейді, керісінше сіз оны күтуіңіз керек. Сондықтан да аптасына бір ауық жүгіріп тұрған абзал. Ал далада жүгіретін болсаңыз төмендегі кеңестерімізді қаперіңізге іле жүріңіз.

Суық аяқтан өтеді

Қыста жүгіретін болсаңыз, аяқты суықтан қорғау керек. Ол үшін ыңғайлы аяқ киім мен шұлықты дұрыс таңдаған абзал. Алдымен шұлық жайлы айтсақ. Шұлықтың да аяққа ыңғайлы, жылысын таңдау керек. Мақтадан немесе синтетикадан жасалған шұлықтар қыста жүгіруге жарамайды. Ең дұрысы арнайы жүн шұлықтарды киген дұрыс.

Қыста жүгіру үшін арнайы кроссовка сатып алған жөн. Жаздық крассовка жер құрғақ күндері болмаса, аязды күндері киюге жарамайды. Сондай-ақ аяқ киімнің қонышы биік болғаны да абзал. Қар кіріп мазаңызды алмайды.

Жүгіру алдындағы киіну

Қыста жүгіргенде қабат-қабат киіну аса қажет емес. Себебі алғашқы 10 минутта адамның денесі қызбайды, даладағы суықты сезінеді. Ал жүгіре келе ыстықтай бастайды. Осындай сәтте сырт киімнің бірін шешіп, суықтап қалуың мүмкін. Абай болу керек. Сырт киімің суық пен қарсы соққан желден қорғау керек. Бастысы – теріңді қатырып алмауды назарда ұстау.

Қыста жүгіру алдында киіну даладағы ауа райына байланысты. Күн шығып, термометр – 1 °С-тан төмен болса, ішіңізден жеңі ұзын көлек пен сыртынан жеңіл күртке киген абзал. Ал -10°С-тан төмен болса, қалыңдау күртке киген дұрыс.

Жүгіргенде балағы тар шалбар таңдау керек. Бір шетінен ыңғайлы болса, бір шетінен суық кірмейді. Ал басқа бас киім, қолға қолға киюді ұмытпағаныңыз жөн. Сондай-ақ күннен қорғайтын көзілдірік тағып алсаңыз да артық болмайды. Себебі көзілдірік қардың көзге шағылуы мен қарсы соққан самал әсерінен көздің жасаурауынан қорғайды.

Бет күтімі

Қыста жүгірерде бет күтіміне де назар аудару қажет. Себебі суықтан бет жарылуы мүмкін. Ол үшін жүгірерге шығар алдында (кем дегенде 40 минут алдын) арнайы майлы крем жағу керек.

Дұрыс тыныс алу

Қыста жүгіргенде салқын ауа тамақты күйдіріп, тыныс алуға кедергі болады. Тыныс алу қиындап, мұрыннан су ағуы мүмкін. Мұндайда мұрынмен тыныс алып, ауызбен дем шығару керек.

Қыста күннің жарығында жүгіріңіз. Кеш бата күн суытып, көз байланған кезде жүгіру қауіпті екенін жадыңыздан шығармағаныңыз жөн.

Ауырып жүрсеңіз қыста жүгірудің еш қажеті жоқ. Дертіңізге дерт жамап алуыңыз бек мүмкін.

Жүгіру – адам денсаулығына пайдалы жаттығулардың бірі. Десе де жүгірмей тұрып арнайы жаттығулар жасап, денені қыздырып алған дұрыс. Әсіресе жүгіру алдында тізеге арналған жаттығуларды орындау қажет. Ал жүгіріп келгеннен кейін дұрыс тамақтанып, кофе немесе шай ішіп жылыну керек. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Марадона мәңгілік сапарға аттанды
Марадона мәңгілік сапарға аттанды
Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағат ұйықтау қажет?
Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағат ұйықтау қажет?
Назарбаев университетінің жатақханалары қандай?
Назарбаев университетінің жатақханалары қандай?
Түр-түс атаулары қайдан шыққан?
Түр-түс атаулары қайдан шыққан?
Жайдарбек Күнғожинов: Ат, машина және отпен жұмыс істеу қашан да қауіпті
Жайдарбек Күнғожинов: Ат, машина және отпен жұмыс істеу қашан да қауіпті
Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады
Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады