Тізеге арналған 10 жаттығу

Тізеге арналған 10 жаттығу
Фото: sustavolog.ru

Жаттығу кезінде тізені жарақаттап алмау үшін созылмалы бинт пен тізеқапты кигеннен бөлек, арнайы жаттығулар жасаған абзал. Ол үшін неден бастау керек?

1. Оң тізені бүгіп, сол аяқты барынша созып 1-3 минут тұрыңыз. Артынша керісінше жасаңыз.

2. Тізені бүгіп, аяқтың ұшымен тұрыңыз. Бірнеше рет қайталаңыз.

3. Аяқты кеңірек ашып, оң және сол қапталыңызға қарай иіліңіз. Алға және артқа қарай да жасап қайталаңыз.

4. Тізені ішке және сыртқа қарай айналдырып, жаттығуыңызды жалғастырыңыз.

5. Бір аяқта тұрып, екінші аяғыңызды бөксеңізге тіреңіз. Қолыңызбен ұстап 1-2 минут тұрыңыз.

6. Жерге шалқалай жатып, аяғыңызды кезекпен жоғары көтеріңіз.

7. Тізеңізді жоғары бүккен бойда қолыңызбен қапсыра ұстап, бір аяқпен тұрыңыз.

8. Бір орында тұрып, тізеңізді бөксеңізге жеткізе бүгіп жүгіріңіз.

9. Жүгіру алдында отырып-тұру жаттығуын кемінде 10 рет жасаңыз.

10. Бір тізерлей отырып, екінші аяғыңызды алға созыңыз. Қолыңызды созған аяғыңызды ұшына жеткізіп, жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз.

Ө. Сансызбай