Өз ісіңіздің үздігі болудың 15 әдісі

Өз ісіңіздің үздігі болудың 15 әдісі
Фото: state-shifters.com

Әркім өз саласының үздігі болуы тиіс. Қатардағы біреу емес, үздік болуға ұмтылыңыз! Ол үшін не істеу керек? Біз ұсынған кеңестерді оқысаңыз, бәрін жақсы түсінесіз. Ендеше, кеттік!

1) Кешегіге қарағанда бүгін мықты болыңыз.

2) Сізді шабыттандыратын істермен ғана айналысыңыз.

3) Егер проблемаңыз болса, оның 10%-ына назар аударыңыз да, қалған 90%-ына оны қалай шешу жағын ойлаңыз. 

4) Өз жұмысыңызды ең жоғары деңгейде орындаңыз. 

5) Өзге адамдардың мақтау-мадағына мұқтаж болудан сақтаныңыз. 

6) Күнделікті дене жаттығуын жасауды тоқтатпаңыз. 

7) Үнемі талмай еңбек етіңіз. Ешкімге ақталмаңыз 

8) Өзгелерге және өзіңізге берген уәделеріңізді ешқашан ұмытпаңыз. 

9) Қиын уақытта да жомарт болыңыз. 

10) Ешкімнен ештеңе күтпеңіз. 

11) Күнделікті физикалық және ақыл-ой күшін қалпына келтіруге уақыт бөліңіз. 

12) Кешке жұмыстан шыққан соң, үйіңізге қайтуға асығыңыз. 

13) Сүрінгеннен кейін тез тұрып кетуді үйреніңіз. 

14) Спортпен кәсіпқой спортшы секілді шұғылданыңыз. 

15) Айналаңыздағы адамдарды да өзгеруге шақырыңыз.

Ж. Жұмағұлов