Кәсіп бастауда керек болатын ақиқаттар

Кәсіп бастауда керек болатын ақиқаттар
Фото: rb.ru

Кәсіп бастау, өзіңнің жеке жұмысыңды дөңгелету қазіргі қоғамда үлкен күш пен жігерді және қаржыны талап ететін нәрсе. Дегенмен біздің елімізде кәсіп бастау сұранысқа ие әрі тез шешімін табатын құбылыс. Қазір Қазақстан жеке және шағын кәсіпкерлікке жағдай жасай отырып, жас кәсіпкерлерді қолдау үстінде. Дегенмен сіз шынымен кәсіпкер боламын десеңіз, нені білуіңіз керек? Біздің айтқымыз келіп отырған ол қандай ақиқаттар? 

1. Кәсіптің мақсаты болсын. 
Мақсат-мүддесі жоқ жұмыстан ешқандай жеміс ала алмайсыз. Дәл сол секілді жоспары жоқ кәсіпкерліктен бірдеңе өндіремін деп армандамаңыз.  

2. Кәсіпкердің жоспары – нағыз жұмыс. 
Бұл ендігі жерде кәсіпкердің жеке күн тәртібінде тұрған атқару керек істері мен жұмыстары, кездесулері. Жоспар құру арқылы сіз уақыт үнемдеп қана қоймай, жұмысқа тиянақты бола аласыз. 

3. Кәсіпті 50/50 ашпаңыз. 
Әр кәсіпкер жалғыз және дара болғаны жөн. Себебі кеменің капитаны әрқашан бір адам екенін ескеріңіз. 

4. Ең жақын досыңызбен кәсіп бастаудың қажеті жоқ. Себебі араңызға жік түсері анық. 

5. Кәсіп өздігінен емес, кәсіпкердің өсуімен бірге өседі. Яғни сіз өспесеңіз кәсібіңіз де құрдымға кетеді. 

6. Капитан – сіз, бірақ көмекші керек-ақ. 
Бәрін өзім басқарамын деп жұмыстың бәрін жауапкершілікке алмаңыз. Себебі шамаңыз жетпей қалуы мүмкін. Сондықтан орынбасарлар мен жұмыскерлерді тағайындаған дұрыс. 

7. Санмен жұмыс жасаңыз. 
Әр күн, ай, апта, жылға есеп беріңіз. Ішкі және сыртқы нарықтағы түрлі сандарға назар аударыңыз. Өзгеріс қандай? Қалып қойған жоқсыз ба, мән беріңіз. 

8. Бәрі санаулы болсын. 
Ештеңені ұмытып кетпеңіз. Барлық нәрсе санаулы болсын. Уақыт, жұмыс барысындағы кіріс пен шығыс, жұмыскерлер саны, бәрі де санақпен жүргені дұрыс. Бұл сіздің ойыңызды шашыратпауға көмектеседі. 

9. Шығынды азайтпаңыз. 
Иә, кәсіп бастау және оны алып жүру оңай нәрсе емес. Себебі шығынға ұшырау арқылы сіз көпке қол жеткізе аласыз. 

10. Әр ай сайын 10%-ға дейін кіріс көбейтуге тырысыңыз. 

М. Ақан