Біз шынайы болудан қорқамыз

Біз шынайы болудан қорқамыз
Фото: Вконтакте

Шындық – әркімнің ішінде бар қасиет. Ал ақиқат біреу-ақ. Бәріміз шындықпен өмір сүреміз. Бірақ ақиқатпен емес. Ең қызығы сол шындықты да  кейде жасырамыз. Тіпті кейде емес қазір мүлде шынайы өмір сүргіміз келмейді.

Біз шынайы болудан қорқамыз. Себебі жасанды өмір әлдеқайда пайдалы. Ол жұмыста да, оқуда да, сырласқан кезде де солай. Өтірік айтып құтыламыз. Көңіл үшін алдаймыз. Жылатамыз, күлдірмейміз. Мұңайтамыз, жұбатпаймыз. Ал шындығына келсек жан дүниеміз мейірімді қалайды. Сезімді және нәзіктікті іздейді. Бірақ мойындамаймыз. Өйткені ол біздің әлсіз жеріміз деп қабылдаймыз.

Шынайы болу дегеніміз шындықпен өмір сүру. Шынайы әрі нақты қабылдау. Барды бар, жоқты жоқ деу керек. Қолыңыздан келмесе жаныңызды қинамаңыз. Сүйе алмасаңыз, үміттендірмеңіз. Қызықпасаңыз жасамаңыз. Ал осы айтылғандарды сіз қаншалықты орындап жүрсіз?

Қарапайым күнделікті өмірде махаббатыңызды сағынасыз. Бірақ оның бірінші болып хабарласқанын күтесіз. Шындығында сіздің де хабарласуға мүмкіндігіңіз бар. Тіпті қалап тұрсыз. Бірақ сізге жасанды болу керек. Өмір солай үйретіп тастаған әлде ортаңыз.

Еш себепсіз гүл алуға талпындыңыз. Бірақ алмадыңыз. Себебі оның мерекесі емес деп түсіндіңіз. Жақсы көре тұрып жақсы көретініңізді айтпадыңыз. Тәкаппарлық пен жасандылық қаныңызға сіңіп кеткен.

Құрметті оқырман, бүкіл дүние күйіп кетсе де шынайы әрі бар болуға тырысып көріңізші. Жан дүниеңізді нені қалап тұр соны істеуге бірақ бір түйір өтіріп қоспай істеңіз. Өкінбейсіз. Артық уайым болмайды. Мәселе қиынға айналып кетсе де шешімі қуантады.

М. Ақан