Байқау қатысушылары назарына: жиі жіберілетін қателер

Байқау қатысушылары назарына: жиі жіберілетін қателер
Фото: FireStock

Порталымыз жылдағы дәстүр бойынша үшінші жыл қатарынан кезекті "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауын бастады. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен талантты да жалынды жастар қатысады. Жазуға қабілеті бар қатысушыларымыздың бір аптада жариялаған блогтарына қарап отырып, жиі жіберілетін қателерді теріп шықтық. Көш жүре түзеледі, осы олқылықтарды ескеріп, келесіде барынша сауатты жазады деп сенеміз.

1. Тыныс белгі мен бос орын (пробел) 
Үтір, нүкте секілді тыныс белгідерден кейін міндетті түрде бір бос орын (пробел) қойылады, ал алдына қойылмайды. 

Дұрысы:
Ол кісілер не болса да бізді қолдап, шамасы келгенше көмектесіп, біздің бақытты болғанымызды қалайды. 

Дұрыс емес: Ол кісілер не болса да бізді қолдап , шамасы келгенше көмектесіп іздің бақытты болғанымызды қалайды. 

2. Дефис пен сызықшаны шатастырмаймыз. 

Дефис "біреу-ақ", "жап-жасыл" деген сияқты шылау қосылғанда, қос сөзде қойылады, ол кішкене болады, екі жағына да пробел қойылмай, жабысып жазылады.

Ал сызықша сөз тіркестерінің арасына қойылады, ұзын болады, екі жағына да пробел қойылып, арасы ашылып жазылады. Оны ALT басып тұрып 0150 теру арқылы таба аламыз. 

Дұрысы: Алма ағашы – біздің ата-анамыз 

Дұрыс емес: Алма ағашы –біздің ата–анамыз
Алма ағашы-біздің ата–анамыз
Алма ағашы–біздің ата - анамыз

3. Жалғау мен шылауды шатастырмаймыз

Жалғау сөзге қосылып жазылады, ол болмаса айтқымыз келген ойдың мағынасы өзгереді, мысалы Менде алма бар, мұнда мен алма бар деп айта алмаймыз, сондықтан қосып жазамыз.

Шылау бөлек жазылады, "мен де оған қарадым" дегенді "Мен оған қарадым" десек те болады, сол себепті бөлек жазылады.

4. Реттік сан есімдерді дефиспен жазамыз.

10 сынып – он сынып деп,
10-сынып – онЫНШЫ сынып деп оқылады. 

Күннің жады, жылдар ғана дефиссіз жазылады, 10 қараша дұрыс, 10-қараша деп жазу қате, басқа реттік сан есімдерді міндетті түрде дефиспен жазамыз. 

@. @assel_assanova