Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Жаднама / Асханада бактериялар ең көп кездесетін орындар

Асханада бактериялар ең көп кездесетін орындар

Асханада бактериялар ең көп кездесетін орындар

Үйде ең көп бактериялар ас бөлмесінде кездеседі. Себебі азық-түлік пен түрлі тағам түрлері осында сақталады. Ыдыс-аяқ жуу мен тағамдарды да дайындаймыз. Мұнда бактериялардың көп болуы осыдан да.

Ас бөлмесінде бактериялар көп болатынын білсек те, ең көбі қайда болатынын біле бермейміз. 2011 жылы Халықаралық зерттеу қоры (NSF) осы бір тақырып төңірегінде зерттеу жүргізіп, асханада ең көп бактериялар қайда кездесетінін анықтаған.

Микробиологтардың зерттеуі бойынша ең көп бактериялар ас үй губкасында кездеседі екен. Губкада үстел мен ыдыс, қазан мен табалардағы тағам қоқыстары, кірі мен майы жиналады. Ал тұрып қалған тағам қалдықтары: ет, көкөністер, ашыған тағамдардың құрамында ішек таяқшасы мен сальмонелла және одан да қауіпті вирустар болуы мүмкін. Көбіміз ыдыстарды жуып, үстел үсті мен раковинаның ішін бір губкамен сүртеміз. Бұл өте үлкен қателік. Бір губкамен ас үйіңізді барынша таза ұстауға тырысқан сайын, көзге көрінбейтін бактериялардың таралуына көмектесесіз.   

Пайдаланылған губканы ағарту ерітіндісіне (отбеливатель) немесе арнайы ас үйдегі беттерді сүртуге арналған сұйықтыққа салып қойыңыз. Олар – ең әсерлі әрі арзан бактерицидты құралдар. Артынан губканы сумен шайып, кептіріп қойыңыз. Губканы әркез қолданғаннан кейін оның соңына дейін кебуін қадағалаңыз, бұл зиян микроағзалардан арылуға көмектеседі. Екі апта сайын ауыстырып тұруды әдетке айналдырғаныңыз да абзал.

Ас үйдегі ең көп бактериялар шоғырланатын орын -  ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша. Мұнда бактериялардың түр-түрі кездеседі екен. Ол бактериялар ыдыс-аяқ жуғанда түрлі тағамдар қалдықтарынан пайда болады. Ол үшін  ыдыс-аяқ жуатын шұңғылшаны күнде жуып, таза ұстауға кеңес береміз.

Тоңазытқыштағы жеміс-жидек пен көкөністер сақтайтын орындар да бактериялар толы болады екен. Мұндағы бактериялар азық-түліктің ұзақ тұрып қалуынан пайда болады. Одан өзге ет өнімдері мен жеміс-жидектерді бір-біріне жақын қоймаған абзал. Ал жеміс-жидек пен көкөністер сақтайтын орындарды ас содасымен жуып тұру керек.

Блендер де бактерияларға «бай» болады екен. Себебі оны қолданып болғаннан кейін кейде асығып жай ғана сумен шая саламыз. Соның салдарынан бактериялар пайда болады. Блендерді толықтай тазалап, ас содасымен жуу керек. Кепкеніне көз жеткізіп барып қана құрастыру керек.

Ас үйде бактериялар ең көп кездесетін заттардың бірі – түрлі азық-түліктерді қойып турайтын тақтай. Мұнда бактериялардың көп кездесуі түсінікті де. Онда пышақтан қалған жарықшақтардың өзі бактериялардың таралуына себеп. Тақтайды күнде пайдаланған сайын ыдыс жууға арналған қоспалармен тазартып тұру керек. 

570 0
Рейтинг: +0

Фото: DekorMyHome
Қосылған күні: 17 маусым, 16:51
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...