Маркер ізін қалай өшіруге болады?

Маркер ізін қалай өшіруге болады?
Фото: hitgid.com

Теріге тиген сызықты күннен қорғайтын крем не репеллент арқылы өшіруге болады.

Киімге маркер бояуы жұғып қалса, оны қолға арналған антисептик көмегімен кетіріңіз.

Ал егер қабырғаға маркер сызығы тисе, шашқа арналған спрей не тіс пастасы көмекке келеді.

Ағаш бұйымдарына тиген маркер ізін спиртпен сүртуге болады.

Керамика не шыны бұйымға маркер бояуы жұқса, тіс пастасы мен ас содасын бірдей мөлшерде қосып, араластырып, осы қоспамен тазалаңыз.

Кілемге маркер сызылып қалса, ақ сіркесумен шайыңыз.

Жиһаздарға тиген маркер ізін сүтпен тазалауға болады.

Ақ тақтайдағы маркер ізі резеңке өшіргішпен не губкамен кетеді.

@. @assel_assanova