Апта кеңесі. Күзде не жемеу керек?

Апта кеңесі. Күзде не жемеу керек?

Ех... Қыркүйек те тәмамдалып келеді. Күздің орта тұсы мен мұндалап қол бұлғап тұрған шақта біз күзде не жеуге болмайтыны туралы айтып өтсек дейміз.

Фаст-фуд. Көбіне фаст-фуды көп жеудің арты күзгі авитаминозға соқтырып жатады. Чипстар мен қытырлақтардан бас тартқаныңыз жөн. 

Қант. Диетологтар қантты тек күзде ғана емес, жылдың барлық мезгілінде аз жеуге кеңес береді. Қантты табиғи балмен неге алмастырмасқа?

Кофе. Күніне 3-5 кесе кофе ішетін болсаңыз, кофеге бағыныштылардың бірі болғаныңыз. Кофе кесесінің санын азайтып, күніне 2 кесе ішсеңіз де, жеткілікті. 

Тәттілер. Торт, шоколадты да көп жемеуге тырысыңыз. 

Жаңбырлы күз күндерінде салқын тамақтарға қарағанда, ыстық тамақтарды көп жеп, әлсіз ағзамызға күш беруіміз керек. Созылмалы аурулар күзде оянып, күшіне енетіндіктен, көбіне ыстық тамақтың сұйығын ішкен жөн. Етті бұқтырып пісірген дұрыс.

Тым болмағанда, бір апта денсаулығыңызға көңіл бөлуге қалай қарайсыз?

Апта кеңесін ұсынған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: prikol.i.ua

М. Оңғарова