Балаларды Аяз атамен алдауды қою керек

Балаларды Аяз атамен алдауды қою керек
Фото: YouTube

Жаңа жылда Аяз ата туралы балаларға өтірік айтуды тоқтату керек - дейді ғалымдар. Бұл жөнінде шетелдік басылымдарға сілтеме жасап lenta.ru хабарлайды.

Америкалық психологтар ата-аналарды Аяз-атаның жоқ екенін айтуға, шыңдықты жасырмауға шақырған. Психологтардың пікірінше, Жаңа жылда Аяз ата келеді деген ертегі балаларға зиян. Ал балаларына ол туралы айтатын себебі, ата-аналардың өздерінің Аяз атаға сенгісі келетіні, осылайша балалық шақтарына оралғысы келетіні. Алайда, Солтүстік полюсте өмір сүретін Аяз ата туралы өтірік балаларды моральдық тұрғыдан қиын жағдайға түсіреді.

Әйтсе де, психологтар кей балаларды алдауға болатынын айтады. Мысалы, олардың сүйікті үй жануары өлген жағдайда, жануардың геохимиялық цикл жолымен қайта тірілетіні туралы айтқанша, «арнайы орынға» кеткеніне сендірген жөн.

Дереккөз: egemen.kz

О. Сансызбай