«Дене тілі» қағидаларын естіп пе едіңіз?

«Дене тілі» қағидаларын естіп пе едіңіз?
Фото: gbtn.ru

Тіл – адам баласының сөйлеу құралы. Дегенмен сөйлеу жүйесі тек тілмен ғана өлшенбейді. Адам тілсіз сөйлесе де, қарым-қатынасқа түсе де алады. «Қалай?» дейтін сұрақ тууы мүмкін. Біз сіз үшін жауап іздеп көрдік. Бұл әдісті белгілі жазушы, көптеген философиялық кітаптардың авторы Кэрол Кинси Гоман ұсынған. Адамға кез келген жағдайда керек болатын «дене тілінің» қағидалары төмендегідей: 

Тік отырыңыз!
Тік отыру сізді ортаңыздан ерекшелендіреді. Бұл тек сыртқы ортаға ғана байланысты емес, өзіңіз жайында қандай да бір ой қалыптастыруға себепкер болады. Огайло штатындағы университетте жүргізілген зерттеу нәтижесінде тік отыру айналадағы адамдардың сізге деген қызығушылығын тудыратынын дәлелдеген. Тік отыру арқылы сіз өзіңізді де сенімді әрі еркін ұстай аласыз. 
Бүгіннен бастап тік отырып үйреніңіз! 

Сол жақ миыңызды іске қосыңыз 
Мюнхен Техникалық университеті жасаған зерттеу кезінде солақай жазып, сол жақ миын көп жұмыс істететін адамдарға қарағанда оң жақ миымен ойланатын, әрекет жасайтын адамдар өте төмен нәтиже көрсеткен. Спорттық бәсекеде сол жақ қолмен жұмыс істеп, сол қолымен доп ұстаған спортшы допты он рет дөп лақтырудан 1 рет қана мүлт кеткен. 

Қозғалыста болыңыз 
Стэнфорд университетінің ғалымдары айнаға қарап билеп тұрған адамға екінші жақтағы адам көз салу арқылы өзіне энергия ала алатынын анықтаған. Тіпті ұжымдық талқылау кезінде қозғалыста болу, билеп тұрып, жұмысқа еркін кеңістікпен қарау көптеген жаңа идеялардың тууына алып келеді. 
Билеп жүріп те идеялардың жаршысы болыңыз!

Келіп түскен хатты көтеріңкі көңілмен оқыңыз 
Калифорния университетінде жасалған сынақ нәтижесінде адамдар күнделікті өмірде электронды поштасына келіп түскен хатты күйзеліспен, ашумен қабылдап оқитын болған. Бұл тікелей сол адамның өзіне әсерін тигізген. Сондықтан «дене тіліңізді» немесе қабағыңызды шытпай, қасыңызды көтеріп, мерейлене отырып оқыңыз. 

Келісімшарт жасар алдында әріптесіңіздің қолын алыңыз 
Бұл статусы жоғары адамдар арасында қағидаға айналып үлгерген «дене тілінің» бір бөлігі. Гарвардтық бизнес мектебі мына нәрсеге көз жеткізген: олар келісім жасау алдында екі жақты әріптестің қол алысып ишара жасауы арқылы ойға алған істің соңы нәтижелі болатынына сенімдері артқан.
Бірінші болып қол беруге асығыңыз!

Аталған «дене тілінің» қағидаларын тұрақты түрде жасау арқылы тағы бір жетістікке қол жеткіздім деп санай беріңіз! Іске сәт! 

М. Ақан