Бүгін – солақайлар күні

Бүгін – солақайлар күні
Фото: time.com

Бүгін – солақайлар күні. Атаулы күн жыл сайын 13 тамызда халықаралық деңгейде аталып өтеді. Олардың оңқайлардан қандай айырмашылығы бар? Олар туралы қандай қызықты деректер кездеседі?

– Халықаралық солақайлар қозғалысының 1976 жылы көтерген бастамасының нәтижесінде осы күн белгіленген. Бірақ, кей деректерде бұл дата 1992 жылы британдық солақайлар клубының бастамасымен аталып өтті дейді.

– Адамзат баласының 90%-ы оңқай болса, 3-5%-ы солақай, ал қалғаны бейтарап, яғни екі қолмен де жұмыс жасай алатын адамдар. Тарихи деректер бойынша, тас дәуірінде адамдардың 50%-ы солақай болса, қола дәуірінде 25%, ал қазір 5-ақ пайызды құрып отыр. Халықаралық солақайлар қозғалысының дерегі бойынша, олардың азаюы – қоғамдағы жылжымалы-жылжымайтын мүліктер, тұрмыстағы заттардың көбі дерік оңқайларға арналған. Сол себепті, олар байқаусызда келеңсіз жағдайға душар болып жүреді екен.

– ХХ ғасырға дейін Жапонияда солақайлыққа қатал қараған. Жары солақай болса, азаматтар ажырасуға дейін барған екен.

– Тұтығып сөйлей және дұрыс оқи алмайтындардың көпшілігі солақайлардан болады екен.

– Солақайлардың көпшілігінде музыкалық қабілет басым.

– Солақайлар көбіне сәулет өнеріне, ақындыққа, жазушылыққа, жүзу мен семсерлесуге жақын.

˜– Әйелдерге қарағанда ерлер солақай болады.

– Солақайлық тек адамдар ғана тән емес: жануарлар арасында да мұндай құбылыс жиі кездеседі. Мысалы, тышқандардың 28%-ы солақай, ал мысықтардың басым көпшілігі оң жағына сүйенеді, ал ақ аюлардың барлығы солақай.

– Психологияда солақайларға қырсық әрі өте ақылды деген анықтама берілген екен. 

Г. Берік