Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Ұшақпен ұшуды жайлы етуге көмектесетін кеңестер #2

Ұшақпен ұшуды жайлы етуге көмектесетін кеңестер #2

Ұшақпен ұшуды жайлы етуге көмектесетін кеңестер #2

Ұшақпен ұзақ уақыт ұшу кезінде көптеген келеңсіздіктер туып жатады. Бұл қолайсыздықтарға авиакомпания немесе көп жағдайда өзіміз кінәлі болатынымызды мойындайық. Бүгінгі материалда сондай кедергілерге тап болмас үшін бірнеше кеңес ұсынамыз.

Басы

Ұшу кезінде не жеп отырғаныңызды бақылаңыз

Ұшақта көмірсуға бай макарон, нан және сұлы жармасын жеуге болады. Олар инсулин бөлінуіне көмектесіп, соның себебінен ағзамыз джетлагты жеңіл көтереді. Майлы тамақ жемеген жөн, оны қорытуға ұзақ уақыт кетеді. Соның себебінен жылдам ұйықтай алмайсыз. Әуежайда сапар кідірісі болса, ұшақта тамақты абайлап жеңіз. Мұндай жағдайда тамақ бұзылған немесе сапасыз болуы мүмкін.

Суды көп мөлшерде ішіңіз

Сұйыққа келсек, өзіңізді шектемеңіз. Ауада ұшу кезінде әр үш сағат сайын кем дегенде 0,5 литр су ішуге тырысу керек. Ішімдік ішпеңіз, ол ағзаны құрғатады. Онсыз да ұшақ бортында ылғалдылық өте төмен (5-15%).

Денсаулығыңыз туралы ұмытпаңыз

Төмен ылғалдылық мұрын мен тамаққа, тері мен көзге күш түсіреді. Әсіресе, көзіңізге линза кисеңіз, ауыртпалық сезінесіз. Тыныс алуында қиындық туатын немесе көп темекі тартатын адамдарға қауіп төнеді екен. Егер ұшақ бортында ауа жетпесе, ылғал дәкені бетіңізге қойып, ауызбен демалыңыз. Сонымен қатар, суды көп мөлшерде ішіңіз. Егер тіптен дем ала алмасаңыз, қызметкерлерден қосымша оттек сұраңыз. Өзіңізбен бірге суы бар спрей, гигиеналық далап және тері ылғалдандырғыш ала жүргеніңіз артық етпейді.

Ұйықтап алыңыз

Ұшу кезінде эконом-класта ұйықтау қиынға соғуы мүмкін. Кең әрі ыңғайлы киім киіңіз. Ұшақ бортындағы жылулық кабинада тегіс немесе әр жерінде әр түрлі таралуы мүмкін. Сондықтан кей адамдар тоңса, басқалары ыстықтайды. Сондай келеңсіздік туындамас үшін өзіңізбен бірге жылы шұлық пен шарф алыңыз. Ұшақтардағы орындықтардың көпшілігі С-тәрізді қиғаш болып келгендіктен, жолаушылардың мойны және арқасы ауырып қалады. Сондықтан арқаңызға омыртқаны ұстап тұратындай етіп жастық, орамал немесе көрпе салып қойыңыз.

Шуды басыңыз

Шуды басатын құлаққап — қозғалтқыш шуынан және басқа да жағымсыз дыбыстардан құтқаратын керемет құрылғы. Кабина ішіндегі шу (65-85 децибел) сіз үйреніп қалған дыбыстан жоғары. Негізгі көптеген жұмыс орындарында шу деңгейі 40-60 децибелден аспауы сұралады. Көптеген зерттеулер нәтижесі бойынша, кабинадағы шу есте сақтау қабілетіне әсер етіп, шаршатады екен.

Көп қозғалыңыз

Авиажолаушылардың тағы бір мәселесі — терең көктамырда ұйысқан қанның түзілуі. Ол ұзақ отыру кезінде пайда болады. Нәтижесінде аяқ ісіп кетеді және тобық ауыра бастайды. Аяқта қанның ұюы өте қауіпті ауру емес, алайда ол өкпе-бауырға да әсер етуі мүмкін. Сондықтан егер аяқ ауруыңыз бар болса, ұшу алдында арнайы шұлық киюді қолға алыңыз. Ұшақта отырсаңыз да аяқтарыңызды жиі қозғалтып тұрыңыз.

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: kayrosblog.ru
Қосылған күні: 22 шілде 2016, 10:21

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.