Террористік қауіп-қатердің деңгейлері белгіленген кезде өзіңді қалай ұстау керек?

Террористік қауіп-қатердің деңгейлері белгіленген кезде өзіңді қалай ұстау керек?
Фото: google.kz

Бүгін Алматы қаласында болған оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті қауіп-қатердің алдын алу мақсатында Алматы қаласында террористік қауіптіліктің "қызыл" деңгейін белгіледі. Назарларыңызға бұл деңгейдің қандай мағына беретіндігін және бұл деңгей белгіленген кезде халық өзін қалай ұстау керектігін түсіндіретін ҚР Бас прокуратурасының сайтына жарияланған ақпаратты ұсынбақпыз.

Қазақстан Республикасында террористік қауіптіліктің үш деңгейі бар, олар: бірқалыпты ("сары"), жоғары ("қызғылт сары") және шекті ("қызыл"). Бірқалыпты деңгей терроризм актісі немесе актілері жасалуының нақты мүмкіндігі туралы растауды талап ететін ақпарат болған кезде, ал "қызғылт сары" терроризм актілері жасалуының нақты мүмкіндігі туралы расталған ақпарат болған кезде белгіленеді. Шекті, яғни "қызыл" деңгей болса, жасалған терроризм актісі туралы ақпарат, сонымен қатар терроризм актісін қайталап жасау немесе террористік тұрғыдан осал объектілерге бір мезгілде террористік шабуылдар жасау мүмкіндігі туралы расталған ақпарат болған кезде белгіленуі мүмкін.

Y. Almabek